Тақырыбы: «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері
Дайындаған: Муса Айсұлу ИЯк-11 тобы
Қабылдаған: Оспанов Асылхан Есимханович
Нұр-Сұлтан 2021
Алаш қозғалысының тарихи негіздері . ХІХ ғасырдың аяқ кезі ХХ ғасырдың басында халықтың жағдайы күрт нашар лап , кедейшілік кең етек жая бастады . Отарлық езгіге қарсы ұлт азаттық қозғалыстар бой көтерді . Салықтар мен міндеткерліктер дің көбеюі , шұрайлы жерлерінің тартып алынуы қазақ ауылында ішкі шиелiнiстердiң өршуіне жеткізді . Патшаның 1905 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шегара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің « мәңгілік » най далануына берілді . Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бас тады . Моселен , бір ғана Семей облысының өзінде 100 мыңнан астам қазақ жерсіз қалып , Томск , Тобыл губернияларындагы орыс шаруаларынан , Сібір казактарының жерлерін жалға алып , пайдалануға мәжбүр болды . 1905-1907 жылдары елде социал - демократтар ұйымдары қү рыла бастады . Қоғамда петициялық қозғалыс етек алды . Отар шыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы жәрмеңкесінде жазылған пети ция болды . Ұлттық күресте қалыптасып келе жатқан ұлт зиялы лары қазақ халқының көшбасшыларына айналды . Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың басында Ә . Бөкейхан тұрды . Қазақ депутаттары Ресейдің Мемлекеттік Думасында қазақ қоғамындағы ең маңызды проблемаларды батыл котере білді . Қазақ халқының қоғамдық сана - сезімін арттыруға 1916 жылғы қаһарлы оқиғалар орасан зор ықпал етті . Соғыс жылдары жергі лікті патша әкімшілігінің автохтонды халыққа қатысты ұлттық қанаушылыгы мен озбырлығы күшейе түсті .
1917 жылға қарай жергілікті халықтың пайдалануындағы ең шұрайлы 45 миллион десятина жердің тартып алынғанын білеміз . Бұл кезде Қазақстанға Ресейден қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын . Қазақ халқы осындай ауыр қиыншылықта азып - тозып кетпеді , керісінше ұлтты азат етуді мақсат тұтып , арпалысқа толы жолды таңдады . Тәуелсіздік , елдің болашағы үшін күресте ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсете білді . ХХ ғасырдың басында қазақ халқының сана - сезімі биік деңгейде көрініс тапты . Ұлт азаттығы жолындағы күресте қазақтың оқыған , халық мүддесі үшін бар күш - жігерін аямай тын азаматтар алға шықты . ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан , Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы ұлтты азаттыққа бастады . Олар қазақ халқының тарих сахнасынан біржолата жойылып кетпеуі үшін қолдарынан келгеннің борiн жасады . Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында Әлихан Бөкейхан бастаған топтың ерен еңбегі еш уақытта ұмытылмайды .
Алаш идеясы Қазақстан азаматтарының бірігу , болашаққа жыл жудың айқын бағыты , бірлігімізді бекемдей түсетін үлы жол деп білуіміз керек . 2.