Тақырыбы: «Алғыс айту- парызым/Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері». Мақсаты: Ø білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
Ø ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
Ø үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
Ø әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу .
1. Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.
3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.
Не білу керек? * Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.
Не істей білу? * Жолда жүру ережелерін орындай білу.
Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?
Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.
Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,
қай жерде күту керек?
Аялдамада тұрған автобустың қай жағынан өтуге болады?
Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.
Көшеде әркімнің өз жолы бар:
Адам - жүргіншілер жолы
(ала жолақ), тротуармен.
Машиналар- даңғылмен.
Велосипед - жол жиегі.
Трамвай – рельспен.
Көрнекі құралдар:презентация, бейнематериалдар
Кіріспе 1 наурыз – Алғыс айту күні
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін.
Бейнеролик
«Өз ойыңды білдір»
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
–Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Балалар, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты.
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.
«Жаныңда жүр жақсы адам.......»
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу… Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін..
«Жалғасын тап»
1.Алғыс алған арымас,
(Қарғыс алған жарымас).
2. Алғыс алған жігіттің (аты бәйгеден келеді).
3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, (алғыс деген ел сыйы).
4. Қағынған қарғыс алар, (Қарасқан алғыс алар).
5. Қайырымдылық жасасаң, (Қайырын өзің көресің).
6. Қонағыңның алтынын алма, (алғысын ал).
7. Алғыс алған шеккі емес,
Қарғыс алған (көктемес).
8. Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың (құлы бол).
9. Жақсыдан (жылы сөзіңді аяма).
10. Ел алғысын алсаң,
(Елеулісі боларсың).
11.Құр алғыс (азық болмайды).
12. Жақсылық еккен (алғыс орады).
Миға шабуыл: Ал сен тағы кімге, не үшін рахмет айтар едің? Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасайды. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – байлығы мен кеңдігі үшін, Отқа – жылулығы үшін. т.б.