Тақырыбы: «Алтын күз келді бақшаға» Мақсаты


Балалар:  Сары түске боялады. Жүргізуші



бет3/3
Дата21.12.2021
өлшемі25,83 Kb.
#104670
1   2   3
Байланысты:
Документ

Балалар:  Сары түске боялады.

Жүргізуші: Жақсы балалар, күздін болғанын жапырақтардын түскеніненде білуге болады екен. Қане кім жапырақтар туралы тақпақ біледі?

  1. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


  1. Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді жапырақ.

Ағаштарда жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


  1. Әй, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші-алаша,

Аунар ма еді жатып ап.


  1.   Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.


  1.    Аспанда бұлт үйіріліп,

Жаңбыр жауа бастады.

Ағаштар да жапырағын,

Жерге үзіп тастады.

   Жүргізуші:   Мың бұралып билеген,

                          Бишіні кім сүймеген.

дей келе Би « Күзгі жапырақтар»  биін тамашаланыздар.

 

Жүргізуші:     — Көктемде жерге егіп, жаздай күтіп-баптап,  суарып  піскен жемістерді қай кезде жинаймыз?

  Балалар:   — Күзде жинаймыз.

 

  Алтын Күз:  — Ендеше балалармен сендерге жұмбақ жасырайын , сонын шешуін тауып көрейік.



                               

             Жұмбақтар.



  1. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым.

( Сәбіз).



  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатр.

( Қызылша).





Бонус до 60 000 Тенге в БК Fonbet

fonbet.kz



Перейти

Лицензия № 19022499, выдана республиканским государственным учреждением "Комитет индустрии туризма Министерства культуры и спорта Республики Казахстан".

Лицензия № 19022499, выдана республиканским



Яндекс.Директ

  1. Әрі қызыл, әрә тәтті,

Татқан жанды танырқатты.

( Алма).


  1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, суы тәтті.

( Арбуз).



Жүргізуші:  Алтын күз көрдін бе біздін балалар жұмбақтын шешуін жақсы тапты. Ризасызба?

  Алтын Күз:  Ой қандай жақсы балалар. Қане кім жеміс-жидектер туралы тақпақ айтар екен.



  1. Қызанақпын, қызанақпын,

Қып-қызылмын ұнамақпын.

Күзде мені тұздап ал,

Қыста сонда шыдамақпын.


  1.                 Бейне тентек баладай,

Ойран асыр салады.

Алма бағын жағалай,

Алмаларын қағады


  1. Неге мені қазақша атамайсын,

Қырық қабат орам жапрақ –деп.

Көкеністін көкесі мен емеспе,

Қарама, маған жай жапырық, деп.


  1. Апорт деген алма бар,

Алматы онын отаны.

Ондай алма қайда бар,

Жерді жарған атағы.


  1. Мен анармын, анармын,

Қабығым қалын болатын.

Мөлт-мөлт еткен түрлерім,

Моншақты еске салатын.


  1. Мен шиемін, шиемін,

Кіп-кішкене болсамда.

Ағаштын бвсын иемін.



  1. Дөп- дөнгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызғасын көріп,

Онын аты өрік.

Жүргізуші:  Жақсы балалар, ал енді осы көкеністер мен жемістердін адамдарға қандай пайдасы бар екен? Жемістерде дәрумендер көп, жемістерді жейміз. Сонда бойымыз өсіп, денсаулыққа пайдасы бар екен. Ендеше қандай жемісте қандай дәрумендер бар екенін кім айтады?

Балалар:      Лимонда             С дәрумені.

Апельсинда          С дәрумені.

Алмұртта              В дәрумені.

Алмада                  В дәрумені.

Сәбізде                  А дәрумені.

Қызанақта             А.В  дәрумені.

Бұрышта               С  дәрумені.

Сарымсақта         А.В.С дәрумені.



Жүргізуші:   -Көрдінізбе Алтын күз біздін балалар бәрін біледі. Риза болдынызба.

 Алтын Күз:    -Иә балаларға өте қатты риза болып тұрмын. Қане балалар енді біз көңіл көтеріп,

  Ойын :     « Кім жылдам»

 1 .  «Көкеніс , жеміс жинаймыз»



  1. 2.  Сурет бояу.

 

Би: «Күзгі жаңбыр»

 

Ән: «Осень»

 

Алтын Күз: 

Ау, достарым, тоқтандар,

Шаттықта да тоқтам бар.

Қысқа, қызық тойландар!

Қыстың қамын ойландар!

 

Байлығымды жинадым,



Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман-есен болыңдар.

 

Алтын Күз:  Сендерге рахмет, балалар. Мереке құтты болсын! Себет толы алмалар сендерге алып келген базарлығым. Сау болыңыздар! –деп кетеді.

 

Жүрізуші:  Рахмет саған  Алтын күз! Балалар, ертеңгіліктін сонында біз бұл алмалардың  дәмін татамыз.

Жүргізуші:     Күз ұсынып егісі мен жемісін,

                         Әкеліпті халыққа бір молшылық.

Сары жапырақ алтындай болып төгіліп,

Елімізде болсын әркез көпшілік – дей  келе бүгінгі



«Алтын күз келді бақшаға»  мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет