Балалар: — Күз.
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Күз дегеніміз байлық,молшылық,қап-қап астық, көкеністер, жемістер осының бәрі күзде піседі. Әне, қараңдаршы !Дала да , егін де , тоғай да сап-сары. Сондықтан халық «Алтын күз» дейді. Ендеше ортамызға «Алтын күзді» шақырайық.
Залға билеп «Алтын күз» кіреді.
Алтын Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар? (балалар амандасады).
Сәлеметсіздер ме ата-аналар құрметті қонақтар.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз. Төрлет.
Алтын Күз: Рахмет.
Жүргізуші: Балалар Алтын күз мерекесін күтіп, сізге арнап көп әндер мен тақпақтарын дайындады.
Ән «Күз жомарт».
Жүргізуші: — Қане кім күз туралы тақпақтарын айтады?
Балалар тақпақтарын айтады.
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.
Алма, өрік қамбаларға,
Толтырды әкеп алтын күз.
Шәкірт болып парталарға ,
Отырды кеп алтын күз.
Бұлт болып та Алатауға,
Байланыпты алтын күз.
Дастарқанды таба нанға,
Толтырыпты алтын күз.
Жүргізуші: — Балалар, күзде күн суытып, тоғайдын жапырақтары қандай түске боялады?
Достарыңызбен бөлісу: |