Тақырыбы: «Алтын күз!» Мақсаты



бет1/4
Дата23.08.2023
өлшемі26,13 Kb.
#179923
  1   2   3   4
Байланысты:
Алтын күз сценарий Асель



Тақырыбы: «Алтын күз!»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ,күз суреттері, шар, лента, жапырақтар.
Тәрбиеші:
-Армысыздар құрметті ата-аналар,қонақтар!Баршаңызды бүгінгі
«Алтын күз!»мерекесімен,шын жүректен «Тұлпар» тобы құттықтайды!
Бүгінгі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз!

Жүргізуші: Балалар мінеки күз мезгілі де келіп жетті. - Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша (Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.


Раяна: (Қыркүйек айы) Менің атым –Қыркүйек. Күздің бірінші
Айымын. Байлықтың, барлықтың айымын.
Күн ғой ең бір тәуір
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған
Балалар жиылды.


Айшат: (Қазан айы) Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын!
Еңбекқор елді той думанға кенелтемін.
Жез бен алтын бұл шақтың туысы ма,
Қазан жылдың көл- көсір ырысы ма.
Құшағыма сыймаған қуаныштай,
Төгіледі жемістер уысыма.


Эмиль: (Қараша айы) Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің
суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын.
Қараша айы жасай бер
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонақты ортаға шақырам.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін


Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

Күз ханшайымы. Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелеріңіз құтты болсын Сендерді көргеніме қуаныштымын Мен өзіммен алтын жапырақтарымды алып келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар бар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге сыйлығым бар.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе - сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет