Пайдаланушылардың ақпаратын қолданған жағдайда Банк осы Құпиялылық саясатын, Банк клиенттерінің дербес деректерін өңдеу барысында қорғау туралы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Банк Пайдаланушылардың ақпаратын өз акционеріне, үлестес тұлғаларға, сондай-ақ серіктестерге және жоғарыда көрсетілген мақсаттарда банкпен байланысты өзге де компанияларға беруге құқылы. Бұл ретте Банктің аффилиирленген тұлғалары, серіктестері, сондай-ақ онымен байланысты компаниялар осы Құпиялылық саясатын ұстануға міндетті. Төменде аталып отырған жағдайларды қоспағанда, Банк Пайдаланушыларға қатысты ақпаратты Банкке байланысты емес компаниялар мен жеке тұлғаларға бермейді: - Пайдаланушы бұған өз келісімін берді. Банк Пайдаланушыларға Банкке және Банкпен байланысты емес жеке тұлғаларға, оның ішінде басқа Пайдаланушыларға ақпарат беру үшін Пайдаланушының қосымша келісімі сұралады. — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес. Банк серіктестерге (мысалы, статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу мақсатында) Банк Сервистерін Пайдаланушылардың жалпыланған иесіздендірілген деректерін беруі мүмкін. Пайдаланушылардың ақпаратын шетелге беру кезінде Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ережені Пайдаланушылардың ақпаратына қатысты мәліметтерді алушылар тиісті қорғау деңгейін ұстануға міндеттенетін шарттар жасасу жолымен сақтауды қамтамасыз етеді.