Тақырыбы: Қант диабеті



бет2/6
Дата11.01.2022
өлшемі433,42 Kb.
#111372
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
бож 2

Этиологиялық факторлар

  • Этиологиялық факторлар
    • Аутоиммундық өзгерістер
    • Вирусты аурулар
    • Тұқымқуалаушылық
    • Экзогенді және эндогенді аурулар

Қант диабеті

Инсулинге тәуелді (Ітип, жасөспірімдік)

Инсулинге тәуелсіз (ІІтип,ересек)

Қант диабеті І тип

  • Қант диабетінің 1 типі дамуы: диабетке бейімділігі жоғары адамдарда вирусты инфекция Лангерганс аралшалары клеткаларына қарсы антиденелер түзілуін туғызады. Бұл антиденелер инсулинтүзуші клеткаларды бұза бастайды, бета клеткалардың зақымдап, нәтижесінде проинсулин синтезінің жеткіліксіздігіне әкеп соқтырады. Осыған байланысты антиделер түзілуі, аурудың басталуымен диабеттің айқын белгілері пайда болуы арасында айлар кейде жылдар өтуі мүмкін. Қант диабетінің 1 типінде инсулин түзілуі төмендейді, абсолютті инсулин жетіспеушілігі дамиды, сондықтан аурудың басынан бастап науқастарды инсулинмен емдеу керек.

1 типті қант диабеттің клиникасы

Бастапқы мерзімдегі көріністері инсулин тапшылығына қатысты;

1 Айқын шөлдеу (полидипсия)

2 Полиурия

3 Арықтау

4 Тамақ құрғауы

5 Шаршау

6 Тәбеттің жоғарылауы

Ағымын 3 кезеңге бөлеміз:


  • Потенциалды диабет
  • Жасырын диабет
  • Анық қант диабеті кезеңі

  • Балада қанда глюкоза мөлшері

    өседі. Гипергликемия

    глюкозурияға әкеледі. Зәрдегі

    глюкозурия оның

    Тығыздығын жоғарылатады,

    полиурия байқалады. Қан

    көлемі азайып, полидипсия

    дамиды. Ағзада кетонды

    денелер жиналып, сілтілік – қышқылдық орта ацидозға ығысады.


Емі

Инсулин препараттарын қолдану, диета сақтау және физикалық күш түспеуін қадағалау. Стол №9 диета тағайындалады: кәмпит, қант, бидай ұны, құрма алынып тасталады. Беруге болмайды: қара нан,қарақұмық,арпа,сұлы,картоп,капуста,сәбіз,қызылша. Майлар,әсіресе жануар майлары. Күніне 6 рет тамақтандыру қажет: үшеуі негізгі тамақ (таңертеңгілік,түскі,кешкі ас әрқайсысы 25% күндік калориядан) және үш рет қосымша тамақтандыру. Тамақтану уақыты мен тамақ мөлшері үнемі тұрақты болуы керек. Науқастарға диетотерапия принциптерін,күндік калорияны,тамақтануды реттеу және жоспарлауды үйрету қажет. Негізгі ем – инсулинмен емдеу. Инсулин дозасы аурудың ағымына,ауырлығына байланысты. Орташа күндік қажеттілігі 0,25 – 0,5 – 1Б/кг дене салмағына. Күніне зәрмен бөлінген қантты анықтап, 4 – 5гр қантқа – 1Б инсулин тағайындайды. Инсулиннің дозасы дәл болу үшін арнайы инсулин шприцтері болады. Инсулин теріастына салынады. Инсулин салатын жерлерді ауыстырып тұру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет