Тақырыбы: «Ақпарат әлемінде»



Дата28.01.2018
өлшемі28,71 Kb.
#34105
Тақырыбы: «Ақпарат әлемінде» 
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын тудыру, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (бейнебаян, ұялы телефон, ғаламтор)
Жоспары:
1. Ұйымдастыру 
2. Қызықты айғақтар мен мәліметтер 
3. Қорытынды 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіз бен біз «Ақпарат әлемінде» атты ток-шоу өткізгелі отырмыз. Бұл ток-шоуды ұйымдастырудағы мақсатымыз оқушылардың дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын тудыру, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Бәрімізге белгілі қазіргі уақыт ақпарат заманы. Біз күнде толассыз ақпарат ағынын қабылдаймыз. Оны БАҚ яғни бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аламыз. Оған:
 Теледидар
 Радио
 Газет
 Журнал
 Хат
 Интернет 
Ұялы телефон
 Агент және т.б. жатады.
Міне, осы ақпарат құралдарының ішінде біздің көп қолданатын құралымыз интернет, ұялы телефон және агент. 
Заманауи жастар қазір уақыттың көп бөлігін осы интернет, ұялы телефон, агентпен өткізеді. Оның қаншалықты пайдалы, зиянды екендігін бүгінгі ток-шоуға қатысушы қонақтар айтатын болады. Ендеше қарсы алайық.
Интернеттің пайдасы мен зиянын терең зерттеп келген қонақтарымыз 7 «а» класы.
Ұялы телефонды тек сөйлеу үшін ғана емес, басқа да пайдасын білеміз, үйретеміз деп келген қонақтарымыз 7 «ә» класы.
«Агентсіз дүние бос» деген жастардың ойын өзгерткелі кеп отырған қонақтарымыз 7 «в» класы.
Әр топқа өз тақырыптары берілген сол төңіректе әңгіме қозғаймыз. Ток-шоуды видеороликті көруден бастайық. (видео көрсетіледі)
Ал енді әр топ өз тақырыптарын осы видеокөрініспен байланыстыра отырып жалғастырады.
1. Алғашқы сұрағымыз сіздерге арналады 7 «а» класы «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатырсыздар. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Ендеше осылардан сақтану үшін не істеу керек?
2. Толғандырған сауалдарыңыздың жауабын алу үшін, өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қою үшін, түсінбеген сөзді демде аудару, сурет алу үшін қандай сайттар пайдаланасыздар?
3. Енді бағанадан бері айтып жатқандарыңызды тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсетсеңіздер?
Келесі сөз кезегін 7 «ә» класына береміз.
1. Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зияны бар дейдіңіздер. Оны дененің кез-келген жеріне тағуға болмайды екен. Белдікке тақсаң бүйрекке зиянды әсері бар дейді, төс қалтаға салсаң жүрекке зиянды дейді. Тіпті, Ресей жақта бір қыз бала ұялы телефонның зиянды әсерінен мидың қатерлі ісігінен қайтыс болыпты. Бірақ, ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес, бар шаруаңды телефонмен бітіресің. Сонда соны отырған көрермендерге қандай кеңестер берер едіңіздер?
2. Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен, ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз. Басқа да не айтар едіңіздер және тәжірибе жүзінде не көрсетер едіңіздер?
Келесі сөз кезегін 7 «в» класына береміз.
1. 7 «в» класы сіздер не айтар едіңіздер, мектеп оқушысына агент қажет пе?
2. Агентте отырып неше түрлі адамдарды көрдім. Оның ішінде сауатсыздар көп кездесті. І- әріпінің орнына ы- жазатын, ғой- дегенді го, всем – дегенді в семь(в7), нестеватсын, е орысша емес е қазақша емес гдесін, каксын деген сөздер бар, болды, дейді деген сөздерді болд, дит т.б сол сияқтылар. Қысқасы қалай айтылады солай жазады. Осындай қателерді көріп ішім ашиды. Бұған не дер едіңіздер?
3. Агент-біреуге ермек, ал біреуге- шын мәнінде керек дейді. Осыған не айтар едіңіздер, қандай тәжірибе көрсетер едіңіздер?
Енді әр топ өз тақырыптары негізінде қорытындыласа, қысқа да нұсқа. 
Ендеше, әр нәрсені өз орнымен қолданып, шегін білейік, олар пайдалы болғанымен, оларға тәуелді болмайық. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет