Медикаментозды ем Гранулоцитарлы колониястимулдаушы фактор Хелаторлы терапия Трансфузиялық сүйемелдеу Эритроцитарлы масса Тромбоцитарлы масса Жаңа мұздатылған плазма Антинеопластикалық жіне иммуносупрессиялық перараттар Ісікке қарсы препараттар Гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың аллогенді трансплантациясы Спленэктомия
Болжамы
Ауырлық дәрежесіне байланысты; толықтай жазылу 50%-ға жуық жағдайда байқалады. Ең ауыры− жедел ағымды түрлерінің айкын нейтро- және ретикуло-цитопениямен ұштасуы:
1) ауру бала көп жағдайда бірінші жылы қайтыс болады, 5 жылға созылуы сирек;
2) кейбірінің спонтанды жазылуы мүмкін.
Диспансерлік бақылау.
Ауруханадан ремиссиямен шыққан баланы ай сайын гематолог қарауы тиіс- Учаскелік дәрігердін бақылауымен 2 апта сайын Нв, эритроциттер саны, ЭТЖ анықталады. Бүл көрсеткіштерде өзгерістер болған жағдайда тездетіп гематологке жолдама беру қажет. Баланың емханадағы кітапшасында (112-ф) сынақтар көрсеткішіне және жүргізілген ем жайына арналған бөлек бет болуы тиіс. Іштен болған анемиясы бар балалар есептен (бақылаудан) шығарылмайды. Жүре пайда болған түрінде ремиссия жылға созылып, қан көрсеткіштері калыпта тұрса, ауру бала әр тоқсанда 1 рет, онан кейін 3 жыл бойы жылына 2 рет қаралады.