Тақырыбы: Аралық бақылау Балалардың тілін дамыту жұмыстарына қойылатын әдістемелік талаптар



бет1/5
Дата10.07.2023
өлшемі35,38 Kb.
#179377
түріПрограмма
  1   2   3   4   5
Байланысты:
аралық бақылау тіл дамыту 8


Тақырыбы:
Аралық бақылау


Балалардың тілін дамыту жұмыстарына қойылатын әдістемелік талаптар
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысының өзінің программасы, жаттығу түрлері сондай-ақ әдісі болады.
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді.
1. Балалардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен қорытынды жасай білу.
2. Балалар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
3. Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмыстарының негізінде балалардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату.
4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, коммунизм құру жолында саналы да, белсенді еңбек етуге тәрбиелеу.
5.Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге , оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да балаларға білім беру,іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір методикалық талаптарға сүйенеді.
Балалардың тілін дамыту жұмысы мектептерде негізінен балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы орындалатын болғандықтан, бұл жұмыстарға қойылатын методикалық талаптарды көрсетелік. Ол талаптардың негізгі бастылары мынадай:
1. Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу, бла өзінің жинаған материалын, берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп іріктеуі қажет.
2.Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.Жұмыстың мазмұнды болуы да материалды жинау , негізгілерін түсініп,іріктеп ала білуіне байланысты.
3. Бала түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Бала әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4. Балалар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс. «Мәншүк» тексі бойынша мазмұндама жазғанда, жаудың жаңбырша жаудырған оғы деген тіркесті сол қалпында беруге тырысып, жаудың тамаша жаудырған оғы деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. тексті анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.
5. Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
6. Бала сөйлегенде болсын сөйлемдерді белгілі формада (тұлғада) құрастыратын болсын. Яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші бір сөйлем келер шақта тұрмасын.
7. Балалардың жазба жұмыстарында ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздердің болғаны дұрыс.
8. Жазба жұмыстарын жетілдіруді міндетті түрде меңгерген болуға тиіс. Жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін бала мұқият қарап, тексеріп шығатын болсын, мұнда тіпті кейбір қате құрастырылған сөйлемдерді де жөндеуге жол беріледі.
Сөйтіп, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарына қойылатын негізгі методикалық талаптардың негізгілерін айттық. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында басшылыққа алынады. Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: «...тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы-
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд-
епті сейлеуге дағдыландыру»,—десе, тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет