Орындаған: Яхияева л топ Қабылдаған: Қосымова Г



Дата05.12.2022
өлшемі19,14 Kb.
#161281
Байланысты:
СӨЖ Яхияева Лаура Сөз мәд




СӨЖ


Тақырып: «Варианттардың нормалану динамикасы. Варианттылық және синоним. Жазылым әрекетінде тақырыпты ашу мақсатында жоспар түрлерін құру, тірек сөздерді әдеби тіл нормасына сай орынды қолданып, мәтін құрастыру.»


Орындаған: Яхияева Л..
303-топ
Қабылдаған: Қосымова Г.

Сөз варианттары фонетикалық, лексика-морфологиялық, лексика-семантикалық, әдеби-диалектілік сипатта кездеседі. Мысалы:


Фонетикалық варианттар: дөңгелек — доңғалақ, шүйінші — сүйінші, шайқымазақ — сайқымазақ, парапар — барабар. суару — суғару, дәнеме — дәнеңе.
Лексика-морфологиялық варианттар: екіншілей — екіншідей, естіген — есіткен, қабырға — қабыртқа, бақай — башпай, жирену — жиіркену, міне — мінеки — мінекей
Лексика-семантикалық варианттар: азар—әзер, күнә—кінә, ащы — ашты, ыстық — ыссы.
Кірме сөздердің кейбірі бірнеше вариантта қолданылады: ар., парсы сөздерінен: риза—разы—ырза, царжы — қаражат, мағлұмат — мәлімет, халық, — халайық,
Орыс сөздерінен: самауыр — самаурын, өшірет — шірет, мәтке-мәтша;
Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы — таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе — кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай, тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр — әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты варианттардың кейбірінін әдеби нұсқалары әлі анықтауды қажет етеді. Сөз варианттарын синонимдермен шатастырмау керек, олардың синонимдерден айырмасы — шыққан тегінің бір екендігінде.
Тілде варианттылық болмаса, норма туралы ұғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері (мысалы, лексикалық) түптеп келгенде стильдік мақсатпен жұмсалады.
Қазақ тіл білімінде варианттылық мəселесін Қ.Жұбанов, Ə.Болғанбаев, М.Балақаев, И.Қ.Ұйықбаев, С.Бизақов, К.Аханов, Ш.Ш.Сарыбаев, Х.Нұрмұқанов сынды ғалымдар зерттеген.
Сөз варианттары мынадай үш түрлі белгі арқылы ажыратылады: а) сөздің түбіріне ортақ ұқсастық болу арқылы; ə) лексика-семантикалық жалпылығының сақталуы арқылы; б) дыбыстық өзгешелігі лексика-семантикалық өзгеріс тудырмайтыны арқылы.
Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне ұқсас келген сөздердің бəрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге болмайды. Кейде бір түбірге бірнеше қосымша қосфп, түрлендіріп айта беруге болады. Мысалы, əпке деген сөзден əпкетай, əпкешім деп құбылтып, əр түрлі көңіл-күй, көзқарасымызды, үлкен мен кішіге ілтипатымызды білдіреміз. Бұл тəрізді құбылыстардың бəрін сөз варианттары деп қарауға болмайды», — деген пікір білдіреді. Қ.Жұбанов 1929 ж. 2–4 маусымында Қызылорда қаласында өткізілген ғылыми-терминологиялық конференцияда шылаулардың варианттары жөнінде айтқан.
Ғалым 1935 ж. жазған «К пересмотру казахской орфографии» деген мақаласында жарысып айтылып, жазылып жүрген мына сөздерді атап көрсеткен: асыра-асра; Ақымет-Ақмет; көбірек – көбрек; ру – ұру; рет – ірет; Абыралы – Абралы; жəне – жəнə – жана; ешкім – ішкім; едеуір – əдəуір– нəдəуір; қарқын – қарғын; шыймай – шіймай – шыжбай; кіріпіш – керпіш – кербіс; бійбастақ –бейбастақ – бей-бастақ; жəнтік – жəндік; шыныра – шінара – ішінара; саржан – шажын. Проф. М.Балақаев 1941 ж. жазылған «Қазақтың əдебиет тілінің өсу жолдары» деген мақаласында жаңа терминдердің көбейіп келе жатқанын, олардың өздеріне балама, жарыспалы сөздерге қарағанда, кең орын алып отырғанын дəлелдеді. Ол 1965 ж. «Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері» деген кітап бастырып шығарды, бұл кітап 1971 ж. «Қазақ тілі мəдениеті» деген атпен ықшамадылы, екінші рет басылып шыққан. Осы еңбекте əдеби тіліміздің нормасы мен сөз варианттары туралы келелі пікірлер айтылады. Аталған кітапта «Əдеби тілдің нормасы» деген ІІ-тарауы норма мен вариант мəселелеріне арналған. И.Қ.Ұйықбаев 1976 ж. шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы» деген еңбегінде қазақ тілі мəдениетіндегі өзекті мəселелерінің бірі — өз варианттары проблемасын зерттейді.
И.Қ.Ұйықбаев сөз варианттарын: «лексикалық-семантикалық дублеттер, морфологиялық варианттар, синтаксистік жəне стильдік варианттар, орфоэпиялық жəне орфографиялық варианттар» деп бөлген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Ұйықбаев И.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. — Алматы: Ғылым, 1976. — 144 б.
Бизақов С. Вариант сөздер сөздігі. — Алматы: Білім, 2000. — 3-б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет