Көпшілікті ақпараттандыру урдісінің оң салдарларымен бірге теріс жақтары да бар. Мысалға, компьютерлердің глобальдық желіге бірігуі, бір жағынан көп мөлшердегі адамдардың ақпараттар әлемінде жинақталған үлкен массивке араласуына әкелсе, екінші жағьшан желіге орналастырылып сақталған интеллектуалдық меншікті қорғауға қиындық тудырды.
Компыотерлік вирустер әсерінің нәтижесінде ДК тұтынушылары өте жиі ақпараттарын жоғаттады. Компыотерлік вирустер, тұтынушыға және қызмет атқарушы ДК мерсоналына көптеген қиындықтар туғызатын, ерекше типті зиян тасушы программалар болып табылады.
Компьютерлік вирус деп өздігінен пайда болу, көбею және басқа программаларға белсенді ену қасиетіне ие программаны айтады. Компьютерлік және биологиялық вирустер ұқсастығы анық. Вирустар әруақытта кесел келтіреді – ДК-ің қалыпты жұмысына кедергі болады, файлдық құрылымды бұзады жэне т.б., сондықтан олар зиян тасушы программалар қатарына жатады. Компъютерлік вирустердің өмірлік циклі міндетті түрде келесі фазалардан тұрады:
1) латенттік период, вирустың ешқандай қимыл жасамайтын уақыты;
2) өсу периоды, вирустың тек қана көбею уақыты;
3) белсенді период, көбеюмен бірге вирус алгоритміне салынган рұхсатсыз қимылдар жасалатын уақыт.
Алғашқы екі фаза вирус көзін, оның өту каналын жасырып жэне барынша көп файлды бүлдіруші, вирус білінгенше жаралау қызметін агқарады.