Windows объектілері | | | | - Бумалар
- Бағдарламалар
- Құжаттар
- Жарлықтар
| - Бас меню
- Басқару тақтасы
- Менің компьютерім
- Себет (корзина)
| - Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Бұл Windows жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың құрылымдық бірлігі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Файлдардың негізгі типтері: құжаттар, суреттер, бағдарламалар.
- Файл аты оң және сол жақ бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файл типін анықтайды. Сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді.
- Файл атын жазғанда әріптерді, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды, дефис(-), астын сызу(_), леп белгісі(!) және мына символдарды: @, #, $, %, ^, &, (,), {, } қолдануға болады.
- Ал мына символдарды: жұлдызша(*), қос нүкте(:), нүктелі үтір(;), сұрақ белгісі(?), бөлгіш(/), үлкен(>), кіші(<), тырнақша(«»), нүкте(.) қолдануға болмайды.
- Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар әртүрлі болады:
- txt, doc, dot, rtf – мәтіндік файлдар, Word және WordPad құжаттары;
- exe, com – бағдарламалар және қолданбалар файлдары;
- bat – командалық файл;
- bmp – Paint графикалық қолданбасының суреті;
- htm – Web- Internet беті;
- rar, arj, zip – архивтік файлдар;
- hlp – анықтама файлы;
- lib, obj, dll – кітапханалар файлы;
- bas – Бейсик тіліндегі бағдарламалар мәтіні;
- bac –ескі файлдардың көшірмесі;
- sys – жүйелік файл;
- dbt – деректер базасы;
- wav – Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы;
- avi – бейнеклип;
- xls – Excel кестелік процессорының құжаты;
- ppt – Power Point қолданбасының презентациясы және т.б.
- Бумалар (Қапшықтар) – бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Бумалардың
- 2 түрі бар: жүйелік және жұмысшы.
- Windows – тегі барлық файлдар, құжаттар, таңбашалар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Ол бос болуы да мүмкін. Қапшықта аттары бірдей объектілер болмауы керек.
- Бумалар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды
- Windows, Program Files қапшықтары және программалар арқылы құрылған қапшықтар
- Өздерің құрған немесе сендер үшін Windows құрған қапшықтар
-
- Жарлықтар – нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер.
- Жарлық жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Оны жойғанда файлдар жойылмайды.
- Жарлықтың басқа белгішеден айырмашылығы оның төменгі сол жақ бұрышында кішкене иілген бағдарша орналасқан.
- Жарлықтың негізгі міндеті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай қатынауды қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |