Тақырыбы: Архиваторлық бағдарламалар және антивирустар. Файлдар мен бумалар және жарлықтар



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#98606
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Слайд

Windows объектілері
  • Негізгі
  • Арнайы
  • Бумалар
  • Бағдарламалар
  • Құжаттар
  • Жарлықтар
  • Бас меню
  • Басқару тақтасы
  • Менің компьютерім
  • Себет (корзина)
  • Файл байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Бұл Windows жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың құрылымдық бірлігі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Файлдардың негізгі типтері: құжаттар, суреттер, бағдарламалар.
  • Файл аты оң және сол жақ бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файл типін анықтайды. Сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді.
  • Файл атын жазғанда әріптерді, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды, дефис(-), астын сызу(_), леп белгісі(!) және мына символдарды: @, #, $, %, ^, &, (,), {, } қолдануға болады.
  • Ал мына символдарды: жұлдызша(*), қос нүкте(:), нүктелі үтір(;), сұрақ белгісі(?), бөлгіш(/), үлкен(>), кіші(<), тырнақша(«»), нүкте(.) қолдануға болмайды.
  • Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар әртүрлі болады:
  • txt, doc, dot, rtf – мәтіндік файлдар, Word және WordPad құжаттары;
  • exe, com – бағдарламалар және қолданбалар файлдары;
  • bat – командалық файл;
  • bmp – Paint графикалық қолданбасының суреті;
  • htm – Web- Internet беті;
  • rar, arj, zip – архивтік файлдар;
  • hlp – анықтама файлы;
  • lib, obj, dll – кітапханалар файлы;
  • bas – Бейсик тіліндегі бағдарламалар мәтіні;
  • bac –ескі файлдардың көшірмесі;
  • sys – жүйелік файл;
  • dbt – деректер базасы;
  • wav – Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы;
  • avi – бейнеклип;
  • xls – Excel кестелік процессорының құжаты;
  • ppt – Power Point қолданбасының презентациясы және т.б.
  • Бумалар (Қапшықтар) – бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Бумалардың
  • 2 түрі бар: жүйелік және жұмысшы.
  • Windows – тегі барлық файлдар, құжаттар, таңбашалар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Ол бос болуы да мүмкін. Қапшықта аттары бірдей объектілер болмауы керек.
  • Бумалар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды
  • Бумалар
  • Жүйелік бумалар
  • Жұмыс бумалар
  • Windows, Program Files қапшықтары және программалар арқылы құрылған қапшықтар
  • Өздерің құрған немесе сендер үшін Windows құрған қапшықтар
  • Жарлықтар нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер.
  • Жарлық жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Оны жойғанда файлдар жойылмайды.
  • Жарлықтың басқа белгішеден айырмашылығы оның төменгі сол жақ бұрышында кішкене иілген бағдарша орналасқан.
  • Жарлықтың негізгі міндеті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай қатынауды қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет