Тақырыбы: Асептика


Автоклавтың құрылысын, пайдалану әдісін атып беріңдер



бет5/5
Дата18.06.2020
өлшемі0,56 Mb.
#73805
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Асептика Кунделік 1

Автоклавтың құрылысын, пайдалану әдісін атып беріңдер...

Автоклавтардың бірі тік, бірі көлденең ораналасады, шкаф тəріздісі де бар. Автоклаф сыртқы жəне ішкі цилиндрден тұрады. Екі цилиндр арасына кеңістік қуыс қалады, ішкі цилиндрдің үсіңгі жағына тесіктер бар. Сыртқы қалың темірден цилиндрдің қақпағы бұранда арқылы өте тығыз жабылады. Автоклафтың астыңғы жағында су құйып қойған ыдыспен қыздырып тұратын тесігі бар. Қыздырғыш арқылы қайнаған суда пайда болған бу сыртқа шығу үшін жол іздейді. Буды сыртқа шығармаса, оның қысымы ұлғайып, аспапты жарып шығаруы мүмкін. Сол себепті аспапта бірнеше шүмек бар. Осы шүмектің бірі қайнаған судың буын ішкі цилиндрге жіберуге арнлаған болса, екінші ішкі цилиндрге будың қысымын шамадан тыс жоғарылап кетпес үшін артық буды сыртқа шығарады. Автоклаф құармында термомерт, манометр, сақтық клапаны кіреді. Аспаптың астыңғы жағында су құятын ыдыстың шүмегі арқылы қысылғансу көлемін өлшейтін ұзынша цилиндр бар. Қайнаған судың көлемін өлшегеннен кейін аспаппен қосылған жердегі шүмекті жауып тастайды. Электр тогымен немесе басқа қыздырғышпен қайнаған судан шыққан буды ішкі цилиндр өзіне тартып алады. Ішкі цилиндр бу қысымы күшейіп температура жоғарылай бастайды. Ішкі цилиндрдің ішіне салынған аспаптардың, шүберек, сауыт сияқты микробтары бу қысымы жоғары температура нəтижесінде зарарсызданады. Будың қысымы 1 атмосфераға жеткенде бу шығаратын шүмек ашылып, ауаның қалдығын шығарады. Шүмек қайтадан жабылып қалады. Ішкі цилиндрдың ішінде бу қысымы 1,1 атмосфера, ыстығы 120 градустан кем емес. Автоклавтың заңы бойынша бу қысымы 1 атмосфера болғанда 1 сағат, ыстығы 120 градус, 1,5 атмосфера – 45 минут. Ыстығы 127 градус, ал 2 атмосферада 30 минут ыстығы 134 градус ішінде көздеген мақсатқа жетуге болады. Жұмыс аяталысымен қыздырғышты өшіріп, бу шығатын шүмекті ашу керек. Сол кезде бу бөлменің сыртына шығып, монометрдің көрсеткіші төмендейді. Монометрдің көрсеткіші 0 градус жағдайына келгенде автоклавтың қақпағын аздап ғана ашып, қалған буды сыртқа шығарады. Бу біржола сыртқа шығып болған соң қақпақ кең ашылып, ішіндегі Шиммельбуш бикстерінің тесіктері жабылады. Автоклавтың жұмысын тексеру үшін оның ішіне сайман құралдар, материалдармен бірге ішіне түрлі дəрежедегі ыстықта еритін химиялық заттар шишада салынады. Мочевина, фуксинмен қосылған бензой қышқылы, резорцин, Д – манноза никотинамид. Бензой қышқылы 120 градус ыстықта жасыл түске айналады. Антипирин, амидопирин сияқты заттар ыстық 110 градусқа жеткенде еріп, балқып кетеді. Шишаға ұнтақ түрінде салынған заттардың еріп, балқуы ішкі камераның ішіндегі ыстықтың 110 градустан төмен болмағандығын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет