Операция жасалатын жерді Филончиков-Гроссих әдісімен өңдеуді айтыңдар...
Операция жасалатын жерді микробтардан арылту үшін ең кеғ тараған əдістердің бірі Филончиков – гроссих əдісі 5% йодтың спирттелген ерітіндісімен операция жасалатын жер 4 рет жуылады:
1. операция жасалатын жерді жайма даппай тұрып жуу;
2. зарарсыздандырылған жайманы жапқаннан кейін операция жасалатын ашық қалдырған жер жуылады;
3. кесілген теріні тігер алдында жуу;
4. тері тігіп болған соң жуу. Науқастың терісі нəзік болса, əсіресе балалардың терісін күйдіріп алмау үшін йодты спиртпен сүртіп алған жөн. Терісі осал адамдарда Баккал əдісімен операция жасайтын жер 1 % бриллиант жасылымен тазартылады, кейде йод орнына 96 % спирт пайдаланылады. Соңғы кезде денсаулық сақтау министрінің N 720 бұйрығын еске ала отырып йод ерітіндісінің олрнына операция жасалатын жерді тазалауда йодонат, йодопирон, биглюконат хлоргексидин антисептиктері пайдаланылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |