Тақырыбы: Асық – ұлттық ойын



бет8/12
Дата05.08.2020
өлшемі44,72 Kb.
#76050
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Asy - ltty oyyn 1427968195

Ханталапай

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарй шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып



11

алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын жеделдету,Жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.



Құмар

Бұл да - асықпен ойналатын ойын.Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді.Ойынға қатынасушылардың саны 5-6 адамнан аспауы керек. «Құмар» үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойналады. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады.Ойынның кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешіледі. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүке үшінші, шіге төртінші т. с. с. кезек алады.Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін негізгі төрт қыры болады.Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды. Алшыны - жылқы, тәйкені - түйе, бүгені- қой, шігені - ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысылы, төртеуі де алшы түссе – «Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке - үш, бүге - екі, шіге - бір ұпай алады. Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айналдыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй шертеді.Ертеде терме айтып, арты отбасылық ойын- сауыққа айналған.



Атқапыл

Мұны кей жерде «Көтеріспек» деп атайды.Бұл ойынға екі бала қатысады.Біреуі сақасын иіріп, екіншісі сол сақаны екінші бала өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп апарады.Осылайша екі бала бірінің сақасын бірі атып, бір-бірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді. Бұл ойын балаларды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге үйретеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет