Тақырыбы: Асық – ұлттық ойын



бет7/12
Дата05.08.2020
өлшемі44,72 Kb.
#76050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Asy - ltty oyyn 1427968195

Тас қала

Асық ойынының ендігі бір түрі –«Тас қала». Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Олар тегіс жерді таңдап алып, шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды.Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды.Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе, ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады.Алшы - бірінші, тәйке - екінші, бүк - үшінші, шік - төртінші.Егер ойыншының асығы омпа түссе, ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады.Егер де екі не үш адамның асығы алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда сақалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы



10

түскен дерден қаита алады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады.Егер атушы «Тас қаланы» бұзып, бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді.Қалған ойыншылар «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады.Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.



Хан

Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі –«Хан» ойыны.Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Ойынға қатынасушылар көнге қанша асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Содан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «Хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған ( әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізушісін тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «Хан» көп асықтың ішінен көрінбей қалуы

мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «Ханды қара басты» даусын естігеннен кейін бас салып асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың арасында «Хан» ашық жатса, онда «Ханмен » бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы қалай болса солай дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады.Сондықтанойынға қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиелеуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет