Байланысты: Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры!
Мұғалім: Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік. 7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.
14 – бап
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
27 - бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
36 – бап
1.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.