Тақырыбы: Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры! Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз бар. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.