«Бұрынғылар, күркіреу, найзағай, күн мен айдың тұтылуы секілді табиғат құбылыстарын байқап, қорқынышқа бой алдырып, бұның бәрінің себебі- Құдайлар деп ойлады. Олар табиғатта өздерінен басқа құдыретті күшке ие болатындай ешкім жоқ екенін мүлде түсінбеді».
Демокрит
«Еш нәрсе жайдан-жай болмайды, барлығы себеппен және қажеттіліктен».
Левкипп
Атомизм ілімі
Атомизм ілімі- ежелгі Грекияда б.з.д V-IV ғғ. пайда болған философиялық, оның ішінде натурфилософиялық және физикалық, теория. Ол бойынша барлық жаратылыс бөлінбейтін, ең ұсақ бөлшек атомдардан тұрады деп есептелді ( грек. atomos- «бөлінбейтін»).
Бұл ілім бойынша көзге көрінетін заттар мен жаратылыстардан бөлек, жан, түйсік, ой, сезім секілді рухани заттар да атомдардан тұрады делінеді. Әлемнің пайда болуы осы атомдармен тікелей байлансытырылған.
Атомизм ілімінің негізін қалаушы- ежелгі грек философы Левкипп. Өзіне дейінгі жаратылыс жайлы идеяларға қарсы тұрып атомизмді барынша қолдады. Кейін оның ізін шәкірті Демокрит жалғастырды. Тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік теориялар кең таралып жатқан сол заманда бұл ілім жалпыға жақты.