Тақырыбы: Қазақ тілінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадалық тапсырмалар жинағы «Бозанбай орта мектебі»


Сөзжұмбақтың шешімі болған сөзді сөз құрамына талда



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,7 Mb.
#35308
1   2   3

Сөзжұмбақтың шешімі болған сөзді сөз құрамына талда.

30. Сөзжұмбақты шеш . Шешкен сөзіңе фонетикалық талдау жаса, сөз құрамына талда.

Қ



1

Ұ

2

С



3

Т







4

А

5

Р

6 1

1. Суда жұбын жазбай жүретін ең әдемі достыққа берік құс.

2. 4500 м.шың кұзды тауда мекендейтін еті тәтті, «Қызыл кітапқа» енген құс.

3. Әдемі, көрікті, даусы мысықтың даусындай құс.

4. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс.

5. Су тазалығын сақтайтын санитар құс.

6. Жұмыртқасында секпілі бар, «Қызыл кітапқа» енген құс.



1.2.Фонетика

Тапсырмалар

1. Фонетика дегеніміз не? Ол нені тексереді?

2. а) әріп саны дыбыстан артық үш сөз тауып жаз.

б) дыбыс саны әріп санынан артық үш сөз тауып жаз.

3Дыбыс саны мен әріп саны тең келетін сөздердің астын сыз.

Жаңғақ, қоян, жеті, қою, көктем.



4Мұнда қандай сөз шифрленген:

73974614542 ? Шифр: 2-к; 3-е; 7-б; 1- ш: 5- л: 4-і ; 9-й; 6-т.



5. Сөздерді алфавит ретімен жаз.

Саңырауқұлақ, фабрика, бидай, өсімдік, құжат, түлкі, бақыт.



6. Қай сөзде қатаң дауыссыз дыбыстар ғана бар?

Тарих


жауынгер

пысық


қымыз

көгершін


7. Қай сөзде әріп және дыбыс саны бірдей?

Альбом, подъезд, қияр, поэзия, алма.



8. Қай сөз дұрыс жазылған?

А) Миуа


Б) хайюуанат

В) биуақ


Г) диюана

9. Сөздерді алфавит ретімен жаз. «Бұлғын» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Момын, дұшпан, жақұт, аю, ірімшік, бұлғын, экскаватор.



10. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

Вал...с, біл...ір, май...ыл, жу...ан, ір...іт, а...лдау, қоше...ет, паро...оз.



11. Тасымалдауға болмайтын бір дыбысты буыны бар жеті сөз жаз. Буын түрлерін анықта.

12. Орфоэпия дегеніміз не?

13. Орфография дегеніміз не?

14. Берілген сөздердің айтылуын бағанға жаз.

Жазылуы

Айтылуы

Құндыз

жазса

Көнбіс

күндіз

Жас шағында

15. Тасымалдауға болатын сөздердің тасымалдау тәсілін жазып көрсет.

Пияз, ана, құрылысшы, Отан, фильм, бақыт, факс, қолбасшы.



16. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ретімен жазып шық.

17. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге және қандай болып бөлінеді? Жазып шық.

18. Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып сөз құрап жаз.

Шаршы, алаша, үркек, салақ.



19. Ашық және қысаң дауыстыларды жаз.

20. Еріндік және езулік дауысты дыбыстарды жаз.

«Бәйшешек» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


21. Алдыңғы буыны да, соңғы буыны да ашық буын болып келетін бес сөз тауып жаз. Мысалы: а – са, ...

22. Екі дыбыстан құралған жеті тұйық буынды сөз тауып жаз. Мысалы: аң, ән ...

23. Екі бітеу буыннан құралған төрт сөз жаз. Мыалы: көлшік, ...

24. Тұйық буындарды тауып, екі дыбыстан құралған тұйық буынның астын бір, үш дыбыстан құралған тұйық буынның астын екі сыз.

Астық, олжа, өткір, ұрттау, ыстық, артық, алпысыншы, ерттеу, ерітінді, елгезек, аңқау, еркелік, еркіндік, естілу, еңбектену, ынталы.



25. Тасымалдауға болмайтын он сөз жаз.

26. Бастапқы буыны - тұйық, екінші буыны бітеу буын болатын үш сөз тауып жаз.

27. Үш дыбысты тұйық буынды сөз тауып жаз. Мысалы: ант, ...

28. Барлық буыны бітеу буын болып келетін екі буынды алты сөз тауып жаз.

29. Сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз. Ашық буындарды тауып, астын сыз.

Әже, кеме, көмір, желке, жеміс, жаға, тағалау, қамыс, қоға, қалашық, кеңсе, алты, жеті, өкпе, көлеңке, терезе, ұйқы.



30. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген әріптердің тиістісін қойып жаз.

  1. н – м: от жа...бады, шам сө...беді, бір жа...бастап жату, жа... басына бөлгенде, кү...батыстан, жел тұру, кү... бағыс егу.

31Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А Өскемен, Астана, Жезқазған, Тараз, Семей, Шымкент

Ә) Әли ,Сәуле, Райхан, Айзере, Қарашаш

Б) Қарындаш, кітап, өшіргіш, сызғыш

А) __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________

32. Өлең шумағын ұйқастырып жаз. Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.

Тиін

Мен - тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы ...

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы ...

Нұрхан Жанаев

Жуан

Жіңішке

Қатаң

Ұяң

Үнді

...................

...............

................

.................

.................



33. Қосарлы у дыбысына аяқталған қимылды білдіретін бес сөз тауып жаз.

34. Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәде, ауыл, уыс, бояу, жетеу, ашыту, құру, қуаң, қулық, жету, улы, астау.

Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________



35. Кестені толтыр.

Дауысты у Дауыссыз у

Ашыту Уәде

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________



36. У әрпі сөз басында келетін 5 сөз тауып жаз.

37. Сөздерге қосымша жалғаңдар. Олардың біріне қосымшаның жуан, екіншісіне жіңшке жалғану себебін түсіндіріңдер.

Су, ту, бу, кесу, кему, өндіру, оқу, жату, тоқу, өру, тігу.

Лексика

  1. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп бер.

Атамекен

сандық


құймақ

поезд


құсбегі

парта


нағашы

Үлгі:


«Екі жақта түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Мағынасын ашатын сөз

Түсініктеме

Парта


Ағаштан жасалған оқушының мектептегі отыратын орны, жұмыс үстелі


  1. Табиғаттағы белгілі бір зат ұғымының атын жаз және қандай ұғымды білдіретенін яғни мағынасын анықта. 5 жолды өлең жаз.

Бір зат есім

Екі сын есім

Үш етістік

Төрт сөзден тұратын сөйлем яғни ойды ойды түйіндеу

Бір синоним сөз


  1. Сөздерді мағыналарына қарай топтастырып жаз.

Әдемі, ұғымтал, келбетті, жеті, зерек, ұстаз, сұлу, алғыр, ажарлы, қабілетті, көркем, отыз, мұғалім, тоқсан, оқытушы.

  1. Тұрақты тіркестердің мағынасын балама сөздермен ашып жаз.

Мысалы: Мұзға отырғызып кету – алдау.

  1. Қой аузынан шөп алмас –

  2. Жүрек жұтқан -

  3. Тіс жармау –

  4. итжанды-

  5. қабырғаңмен кеңес –



  1. Қарсы мәндес сөздер жаз.

Қатігез – қымбат -

Сұйық – жылы -

Қалың – көрікті -


  1. Күрделі сөздерді жасалу жолдары мен жазылу ерекшеліктеріне қарай топтастырып жаз.

Балабақша, хош иіс, құрт – құмырсқа, тоғызқұмалақ, өнеркәсіп, көзбе –көз, көкжиек, жан –жануар, қосаяқ, ашық аспан.

  1. Қос сөздердің сыңарын тауып жаз.

Жыбыр – жап -

Тау – жүн -

Қолма – бала –


  1. Жұмбақтарды оқып шығып, көп нүктенің орнына тиісті қос сөздерді қойып жаз. Жұмбақтың шешуін тап.

Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,

Пышақ тисе , ... боп жарылар.

( )

Екі семсер айқасқан,



... шайқасқан.

( )


  1. Сөздерді сөз құрамына талдап, тиісиі сызықпен сыз.

Қызғаншақ, ақылсыз, көлшік, жылқышылардан, балақайдың, басқарушы, түйіншек, әсемпаз, әскери, ұйымшылдық, қалашыққа, ойыншық.

1.3. Синтаксис бөлімі бойынша тапсырмалар

  1. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қой.

Біз мұражайға барамыз

Біз мұражайға барамыз ба

Алақай біз мұражайға барамыз


  1. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз. Сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

Бұлт торлады. _______________________________

Күн күркіреді. _______________________________

Жаңбыр жауды. _______________________________

Күн ашылды. _______________________________

Балалар ойнады. _______________________________


  1. Болымсыз етістігі бар үш сөйлем құрап жаз.

  2. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.

Қарагөз алма жинауға көмектесті. Аспанда бұлт қоюланып кетті. Сіркіреп қатты жаңбыр жауды. Ол жиған алманы үйге тасыды.

  1. Екінші, төртінші сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

  2. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап жаз.

Күз келді. Малшылар қыстауға көшті.

Қар қапалақтап жауып кетті. Біз музейге бармадық.

___________________________________________________________________


  1. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз. Сөйлем мүшесіне талда.

Күз келіп қалды. Ағаштың жапырақтары түсе бастады. Егін жиналды. Түскен өнім астық қоймаларына жеткізілді.

  1. Төмендегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастырып жазыңдар.

Жазғы каникул аяқталды. Жаңа оқу жылы басталды. Оқушылардың кейбіреулері жазғы каникулда қайда барғаны не көргені жайында шығарма жазды. Енді бір оқушылар оқыған көркем әдебиеті бойынша шығарма жазды.

  1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тап. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Балаларын шомылдырған аю

Күн тымырсық ыстық еді. Аңшы өзен бойын жағалап бара жатты. Әлден уақытта ағаш арасында бір нәрсе салдыр –гүлдір етті. Аңшы әлде не деп сезіктеніп терекке шықты. Жан –жағына қараса аю келе жатыр екен. Жанында екі баласы бар. Балалары еркелеп енесінің алдын кес- кестейді. Аю өзеннің жиегіне келіп балаларының біреуін жауырынынан тістеді де суға сүңгітіп алды. Бала аяқтарын тырбаңдатып жұлқынды барылдап бақырды. Бірақ енесі оны босатпады тағы бір – екі рет суға сүңгітіп алды.



  • Әрбір жай сөйлемнің баяндауышын тап.

  • Ертегіні өзің одан әрі жалғастырып жаз.



  1. Жұмбақтарды шеш. Сөйлем мүшелерінің астын сыз. Олардың байланысын сызбамен көрсет.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. ( )

Жерді де мекен етеді,

Көлді де мекен етеді.

( )

Жерге түскен айдай



Секеңдеуі көп - ті.

Тура тептім таймай,

Ұстап көрші ...

( )


Мұз үстінде жүреді,

Мұздай суда жүзеді.

Бұл не десең ағайын?

Оның аты ...

( )


  1. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемдерге айналдырып жаз.

Екеуі екі есекке мініп алып, өзен бойынан шөп шауып әкелді. (С.Б) Шешесіалманы қақ бөліп , жарты алмадан бөліп берді. (В. Сухомлинский)

  • Қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтап, олардың дара, күрделі болуын түсіндіріңдер.

12. Суретке қара. Сөйлем құрап жаз.

А) Дара мүшелері бар сөйлем құрап жаз.



Ә) Күрделі мүшесі бар сөйлем құрап жаз.

13. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр.



А) Дара мүшесі бар сөйлем құрап жаз.

Ә) Күрделі мүшесі бар сөйлем құрап жаз. Осы сөйлемдерді қатыстырып, бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрастырып жаз.


  1. Өлең жолын толықтыр.

Алатаудың аясында

Алма терді ...

Алуан бала арасында

Артта қалмай ...



  1. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойып, астын сыз.

Ормандағы қарағай терек қайың гүлдене бастады.

16. Құрамында бірыңғай мүшелері бар 3 сөйлем құрап жаз.

17. Жұмбақтарды шеш. Шешуіндегі сөздерді қатыстырып құрамында бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрап жаз.



  • Инесі жоқ, жібі жоқ,
    Өрмегі жоқ, тіні жоқ.
    Бірақ шілтер тоқиды.
                                       (...............)

  • Жанды қос тау бірге тұр,
    Арасында  – қыл көпір.
                                           (……….)

* Үй ішінде үйі,
Жем тасиды жиі.
                                      (……….)

  1. Жұмбақтың шешуінен нені аңғардың, олар туралы не айта аласың? Өзіңді жұмбақ шешуіндегі заттың орнына қойып, шағын әңгіме құрап жаз.



  • Мен ...

  • Мен ...

  • Мен ...

19. Венн диаграммасын сызып жұмбақ шешуіндегі әр заттың ерекшелігін жаз, ортақ қасиеттерін анықта.

20. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Бірыңғай мүшелерді тауып, астын ирек сызықпен сыз



  1. . Сюжетті сурет бойынша сөйлем құрастыр.

* Осы сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді жеке –жеке өздеріне қатысты сөйлем мүшесімен байланыстырып жаз.

* Осы сөйлемдегі бірыңғай мүшелерге көптік жалғау жалғап жаз



.



  1. Каталог: uploads -> doc -> 0c3c
    doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    0c3c -> Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы Сабақтың мақсаты


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет