Тақырыбы: Қазағымның тілін біл.
Мақсаты: Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін құрметтеуге
және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақын-жазушылардың қазақ тілі туралы нақыл сөздері, «Қазақтың тілі-қазыналы тіл» атты кітап көрмесі.
Кітапханашы: Қымбатты ұстаздар, балалар! Кітапханамызда 6-7 сыныптар арасында өткізіліп отырған «Қазағымның тілін біл» тақырыбындағы зияткерлік-танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
«Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан теңіз жоқ» дей отырып бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырсақ.
Сайысымыз бес кезеңнен тұрады.
I кезең: «Әдебиет айдынында»
Сұрақтар қазақ әдебиетіне байланысты беріледі.
«Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
(М.Әуезов) 10ұпай.
2. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
(Ибраһим) 10 ұпай.
3.«Менің атым-Қожа» шығармасының авторы
(Б.Соқпақбаев) 10 ұпай
4. Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің саны
(45) 10 ұпай
5. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салатын кім?
(Қожа) 10 ұпай
6. Гүлбаршын қай батырдың жары?
(Алпамыс) 10ұпай
7. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы кім?
(Абай) 20 ұпай
8. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің авторы кім?
(Абай) 20 ұпай
9. «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы
(Бейімбет Майлин) 20ұпай
10. Қазақ хандығында дана ана кім?
(Қарашаш) 20 ұпай
11. қазақ хандығында шешен кім?
(Жиренше) 20 ұпай
12. Қазақ тілі білімінің негізін қалаушы
(Ахмет Байтұрсынов) 30ұпай
14. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы кім?
Д.Бабатайұлы) 20ұпай
15. Ақтамақ, Әмірқан қай шығарманың кейіпкері?
(Ж.Аймауытов «Әнші» 30ұпай
16. «Бір адамға өлеңінің авторы кім?
(С.Торайғыров) 30 ұпай
17. «Жүз жылдық жара» шығармасының авторы кім?
(ш. Мұртаза) 30 ұпай
18. «Толқын», «Сүйемін», «Сағындым» өлеңдерінің авторы кім?
(М.Жұмабаев) 30 ұпай
Достарыңызбен бөлісу: |