3. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсат – жас ұрпақтың тәрбиесіне біріңғайкөзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.
Міндеттер:
жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру;
тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
жас ұрпақтың өзінің рухани — адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.
4. ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Көзқарас – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.
Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |