Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?



Дата15.09.2017
өлшемі30,77 Kb.
#32671

Қазақшаңыз қалай?


 

Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Түрі: танымдық ойын
Мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.

ІІ. Негізгі кезең.


1-жүргізуші:Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.

2-жүргізуші:Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3-ші сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
Жүрісі:
1. Таныстыру.
2. Дода.
3. Сөз мәйегі-мақал.
4. Кім жылдам?
5. Әріптер сайысы.
6. Сен білесің бе?
7. Кім тапқыр?
8. «Өнерпаз болсаң...»- үй жұмысы.

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1-жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2-жүргізуші:


Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

І кезең. Таныстыру.


І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»

ІІ-топ. «Топжарған»


Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»

ІІ кезең. «Дода»


Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.

І топқа:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?


2. ҚР Мемлекеттік тілі?
3. Қыста не жауады?
4. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?
5. Күздің бірінші айы?
6. Тұрлаулы мүшеге не жатады?
7. Абай Құнанбаевтың шын аты кім?
8. Бір тәулікте неше сағат бар?
9. Наурызда пісірілетін басты тағам?
10. Қазақстан туының түсі қандай?

ІІ топқа:


1. Абай Құнанбайұлы кім?
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
3. Қыс айларын ата:
4. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
5. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
6. Тышқаннан қорқатын аң?
7. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
8. Бір жылда неше күн бар?
9. Жүз жасаған ақын?
10. Сөйлем неден құралады?

ІІІ кезең. «Сөз мәйегі-мақал»


Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

ІҮ кезең. «Кім жылдам?»


Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.
1. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.
(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген)
2. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың.
(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)

Ү кезең. «Әріптер сайысы»


Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.

І топқа:(а, е, т, о, с)


1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
2. Досың кім?
3. Әдемі адамның арманы не?
4. Бүгін қандай күн?
5. Сенің көзің қандай?
6. Жігіттер сырға таға ма?
7. Бала оқытатын адам?
8. Бос уақытыңда не істейсің?
9. Қандай тағамдар ұнайды?
10. Жасың нешеде?

ІІ топқа: (ә, б, м, н, қ)


1. Мақал білесің бе?
2. Есімің кім?
3. Аспанда не бар?
4. Мектеп мұғалімдері қандай?
5. Қар қай кезде жауады?
6. Алма тәтті ме?
7. Кім болғың келеді?
8. Адамдар неден қорқады?
9. Сыныбыңда неше оқушы бар?
10. Қандай қаланы білесің?

ҮІ кезең. «Сен білесің бе?»


Тақтада алты ұяшықта сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап берейік.
3---6---2
4---1---5
1) Қазақтың үш биін ата:
2) Наурыз көже қалай жасалады?
3) Тұсаукесер нені білдіреді?
4) «Қыз қуу» ойыны туралы не айта аласың?
5) «Арқан тартыс» ойынын қалай түсінесің?
6) Қазақтың ұлттық ойындарын ата:

ҮІІ кезең. «Кім тапқыр?»


Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді іс-қимылмен, ыммен түсіндіреді.

ҮІІІ кезең. «Өнерпаз болсаң...»


Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.
1-жүргізуші:
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

ІІІ. Қорытындылау.


2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет