Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Президент күні» Мақсаты



Дата10.10.2020
өлшемі14,55 Kb.
#64397
түріСабақ

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Президент күні»

Мақсаты:

1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Балалар жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу; Көрнектіліктер:Елбасы суреті, слайд,рәміздер суреттері,көрнекіліктер.



Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президент күні мерекесімен танысамыз.Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Тәрбиеші:Дұрыс балалар. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Балалар, сендердің  аналарың, әкелерің жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың  жұмысы президент болу. Біздің президентіміздің жұмыс орны

Астанада  Ақордада .

Тәрбиеші: Балалар сендерАстанаға бардыңдар ма? Астанада Бәйтерек бар, ол біздің еліміздің символы. Ал, балалар, енді назарымызды үнді таспаға

аударамыз.



Тәрбиеші: Балалар, бұл біздің Қазақстан Республикасының туы,қараңдаршы,

нелер бейнеленген? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?



Тәрбиеші:Дұрыс! Туымыз көк түсті,ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны.Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан

биікте самғасын, биіктен көрінсін  дегенді білдіреді. Ою-тудың қазақ елінің туы екенін білдір еді.

Енді балалар мынау Елтаңба. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Тәрбиеші: Елтаңбаның ортасында балалар шаңырақ бейнеленген,біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үлкен ортақ үй деген мағынаны  білдіреді.

Сергіту сәті.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Тәрбиеші: Тағы не көріп тұрсыңдар?Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген.

Төбесіндегі  жұлдыз – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.



Тәрбиеші: Балалар тақтадағы суретке назар аударыңдаршы. Суретке қарап әңгіме құрайық. Бұл суретте нені көріп тұрсыңдар?.

(зәулім үйлер мен ғимараттар,бәйтерек,әсем, көркем қала Астана)



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар бүгін сабақта қандай мерекемен

таныстық?Иә бүгін бізде Президент күнің тойлап жатырмыз.



Сабаққа қатысқан балаларды мадақтайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет