Тақырыбы: Қазақстандағы 1921-1922жж, 1931-1933 жж аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат



Дата08.02.2022
өлшемі156,97 Kb.
#123626
Байланысты:
СӨЖ


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Ақпараттық технологиялар факультеті


Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер кафедрасы


СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы 1921-1922жж, 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат.

Орындаған: Күлмесхан И.


Тексерген: Қозғамбаева Г.Б.

Алматы, 2021 ж.


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық

    1. 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен зардаптары

    2. 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа қарсы күрес

  2. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық

    1. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен зардаптары

    2. 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа қарсы күрес

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Жалпы Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында сақталған. Олардың алғашқысы 1921-1922 жылы болған ашаршылық, ал екіншісі 1931-1933 жылдардағы болған ашаршылық.
 1921-1922 жылы болған ашаршылықтың басты екі себебі бар: алғашқысы-Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт.
 1930-1933 жылы болды. Оның себебі-Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады.

Негізгі бөлім
1). 1921-1922 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихында қаралы да, жаралы жыл болды. Бұл жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1млн. 508 мың болса, 1922 жылы олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған. Аштық әсіресе Қазақстанның батыс аймағын қамтыды. Ал астық мол шыққан Семей, Ақмолв губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті. Соның нәтижесінде Қазақстанның астық мол шыққан аудандары аштыққа ұшырады.
1920 жылы егіс көлемі 20%-ға ал мал басы 67%-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47%, мал 83%-ға азайған. 1922 жылы бұл көрсеткіш бернеше есеге көбейді. Халық арасында жұқпалы аурулар кеңінене етек жая бастады.әсіресе, сүзек, тырысқақ, іш безгегі сияқты аурулар ашыққан адамдардың арасында тез тарады. Үкімет орындары бастапқыда біл аурулардың алдын алуға дәрменсіз болды, бұған себеп ауылдық жерлерде арнайы дәпігерлік бөлімшелердің болмауы мен медиициналық дәрі-дәрмектің жетіспеуі болды.
Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: «1921 — 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз» деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті.[4]. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің ЫЫЫ сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы — қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы – украиндар болатын.
Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29,5%-ды, Ақмола губерниясында 40,2%-ды құрады.
Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды 
Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке — Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді.
Көршілес республикалардан босып келген аш адамдардың толассыз ағыны астығы жақсы деп есептелетін Ақмола және Семей губернияларының да ашыққан халық санын көбейте түсті. 1922 жылдың наурызында-ақ ашыққандар саны 472 мың адамды құрады, ал бұл губернияның 1921 жылғы барлық тұрғындарының жалпы санынан сәл ғана кем еді. Республиканың ашаршылық өршіген аймақтарының халқы азық-түлік қорындағы болмашы астықты талау әрекетіне кірісті.
1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің «Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. «Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті. ...Бүкіл елге тараған зұлмат аштық Қазақ АКСР-інің шаруашылық-экономикалық өмірін дамытуда басты кедергі болды, ол кеңестік құрылыс іргетасын шайқап қана қойған жоқ, сонымен бірге халықтың басты көпшілігін қайыршылыққа ұшыратты» деп жазылды конференция қарарында. Құжатта ашаршылықпен және оның салдарымен күресуге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді. Конференция ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі комиссияны жұмысына партияның белсенді қызметкерлерін тарту қажеттігін атап көрсетті. Конференция делегаттары РКФСР көлік қызметкерлеріне арнап ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарға тамақ өнімдері мен астықты үздіксіз жеткізу туралы үндеу қабылдады. «Дала өлкесіндегі қазақ халқына көмек көрсетуге назар аударылсын, - деп айтылды қарарда, - сол үшін аппарат қызметін қайта құру қажет».
Республиканың губерниялық және уездік атқару комитеттерінің жандарынан ашыққандарға көмек көрсету жөнінде арнаулы комиссия құрылды. Алғашқы комиссиялардың бірі Кеңестердің Торғай уездік атқару комитетінің жанынан 1921 жылдың көктемінде-ақ ұйымдастырылып, жұмысын бастады.
Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлд.
Торғай уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 12 мамырдағы кеңейтілген отырысында ашыққан халыққа жедел көмек көрсету жөнінде мәселе қаралды. Отырысқа уездік атқару комитетінің Т. Жүргенов басқарған мүшелері, ОАК-нің өкілдері Ә. Жангелдин, С. Арғыншиев, Тимошенко мен Арынғазиев қатысты. Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жергілікті жерлерде Комиссия бөлімшелерін ұйымдастыру көзделді.
Ашаршылық 1921 жылы Қостанай уезінің барлық аудандарына дерлік тарады. Көптеген болыс тұрғындарының 75%-ына жуығы аштықтан зардап шекті. Болыстық, селолық және ауылдық кеңестер ашаршылық пен бала өлімін тексеру үшін аянбай күресті.
Жылдың екінші жартысында уездің ауылдары мен селоларында 10 балалар үйі ашылды, онда 1000-ға жуық ашыққан балалар орналастырылды. Балалар үйі азық-түлік салығы есебінен тамақпен қамтамасыз етілді, отындық ағаш дайындау шаруашылық қаражатымен жүзеге асырылды. Осыған қоса барлық болыс орталықтарында ашыққандарды тегін тамақтандыратын асханалар жұмыс істеді Ауқатты адамдардан өндіріліп алынған қосымша салық асханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1921 жылы осындай шаралар Қазақстанның басқа аймақтарында да жүргізілді. Мысалы, Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес қараусыз, ашыққан картгарды болыстардағы ауқатты адамдарға табыстады. Оларды тегін тамақтандырып, жатар жаймен қамтамасыз етуді міндеттеді.
Жылдың көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек корсету үшін барлығы 7 губернииялық, губерниялыққа теңестірілген 1 уездік (Адай губерниясы), 46 уездік және аудандық, 1127 болыстық, ауылдық және селолық комиссиялар ұйымдастырылды. Сонымен бірге 556 жергілікті өзара көмек комитеттері құрылды. Барлық комиссиялардың қызметін Қазақстан ОАК-і жанынан ұйымдастырылған, ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия үйлестіріп отырды.
Жалпы осы 1921-1922 жылдардағы аштық салдарынан Орал, Ақтөбе, Қостанай, Торғай губернияларында халықтың 1/3 бөлігі азайып кетті; 700 адам республикадан кетіп өалды; демографиялық жағдай нашарлады.
2). 1929-1930 жылдардың қысында жұқт болды. 1931 жылы көктемде Алматыға жер-жерден аштық жөнінде мәліметтер келіп түсе бастады. Алайда үкімет оларды жоққа шығарып, әкімшілік қысымды қатайтты. Аштық пен қуғын-сүргіннің кесірінен қазақтар бүкіл ауыл болвп шектес облыстарға, республикаларға көше бастады. Бірнеше жүз мың қазақ Қытай, Моңғоля, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды. 1931-1933 жылдары аштықтан, суықтан, аурулардан 2,1 млн-дай қазақтармен 200-250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты. ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы «Кіші Қазан» төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұр тоқпағы-Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі -жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді.
Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930–1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен—жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі.» — деген мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім—жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1—желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929–1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары «Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты». Жылдарға шаққанда олардың 54-і 1929 жылы, 241-і 1930 жылы, 77-сі 1931 жылы орын алды.
Сонымен қатар, Қазақстан Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың 1932 жылы тамызда И. Сталинге жазған хатында көтеріліс, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі үлкен аймақты қамтыған, яғни бүкіл Қазақстанды шарпығанын айтады. Соның ішінде қазақ даласындағы ірі көтерілістер: Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Адай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, Балқаш, Жетісу, Сарқан, Қордай. Бұл ірі көтерілістер болғанымен, тоталитарлық жүйенің қуатты әскери күшіне қарсы төтеп бере алмады. Көп кешікпей көтеріліс жанышталып, шаруалар наразылығына қатысқандар қатаң жазаға тартылды. Осы «көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін КСРО Халық комиссарлары Кеңесі жанындағы Мемлекеттік біріккен саяси басқарма органдарының өзі ғана 5551 адамды соттап, оның 883—ін атып жіберді».
Тоталитарлық жүйе құрсауына қарсы болған ашық бас көтерулердің бірі — Шұбартау шаруаларының 1931 жылы көктемінде болған ұлт азаттық сипаттағы қозғалысы.
1933 жылы 31қаңтар РКФСР үкіметі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов Қазақстанның жаңадан тағайындалған басшысы Л. Мирзоянға жазған хатында Шұбартау ауданын негізінен қазақтар ғана тұратын 70 ауданның қатарына жатқызып, егіншіліктің жетіспеушілігінен күйзеліс басталып, 1931 жылдан бастап, жаппай наразылық басталғанын атап көрсеткен еді.
Халықтың мұндай ауыр хәлге душар болуының басты себебі, 1928 жылдан бергі ет салығының көбейіп кетуінен болды. Мәселен, Шұбартау ауданы орталықтағы өнеркәсіпті аудандарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылығы аудандарының бірі болған еді. Оның үстіне, 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес үкіметінің жаулық саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтеріліс 1931 жылғы наурыз айының алғашқы жартысында басталды және оған 600—ге тарта адам қатысты. Аудан басшылары қашқан орталықтарында шаруалардың мекемелерді жаппай тонаушылығы басталды.
Аудан аумағына жазалаушы коммунистік әскери жасақтың келіп кіруі көтерілістің кең тарап кетуіне жол бермеді. Ауыл көтерілісшілері әскери күшке төтеп бере алмады. Көтеріліске қатысқандар қатал жазаланды. «ОГПУдің Ерекше үштігі өзінің 1931 жылдың 14 мамырындағы және 19 маусымындағы, сондай—ақ, келесі 1932 жылдың 19 маусындағы үкімдерімен 28 адамды, көтеріліс басшыларын атуға, 66 адамды 3 жылдан 10 жылға мерзімге еңбек түзету лагеріне қамауға, 17 адамды Қазақстанның өз ішінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде жер аударуға кесті».
Жалпы есептеулерге тоқталар болсақ, 1930–1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының санының кемуін белгілі демограф Талас Омарбековтың есептеуі бойынша: «Қазақстанның Егіншілік Халық Комиссириатының (Наркомзем) мәліметтері бойынша 1930–1932 жылдары Қазақстандағы ауыл халқының кемуі 1млн 831441 адам деп көрсетіледі. Мұнда бірақ, 1933 жылғы мәлімет көрсетілмеген. Осы жылдары Қазақстанның санақ басқармасы (Казнархозучет) бастығының орынбасары Н. Мацкевичтің мәліметіне қарасақ, бір ғана 1933жылы қысқарған ауыл халқы 1 млн. 70,5мың адамды құрайды, яғни, барлығы, ауылда 1930—1933жылдары азайған халықтың саны 2 млн. 900 мыңнан асып кетеді» [5, 208 б.]. Бұл тек қазақ халқының санының кемуі емес, сонымен қатар қазақ жеріндегі босқындардыңда кемуі көрсетілген. Жоғары да айтылғандай демограф Мақаш Тәтімовтің есептеуі бойынша сол жылдары 200 мың босқындар өлген болса, ал қазақ саны 2,3 млн.ды құрайды. Демек, қазақ халқы саны жағынан үлкен шығынға ұшырауы, демографиялық жағдайдың әлсіреуі, большевик партиясының жаппай отырықшыландыру саясаты кесапатынан, осы бір НӘУБЕТ жантүршігерлік ашаршылықтың белең алуынан...
ХХ ғасырдағы болған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Сол уақытта ашаршылық тек қазақ жерін ғана емес, сондай ақ Ресей, Украина, Белорусь жерлерінде қамтыды. Бірақ та, қазақ осы жасанды саясаттың ең қатты зардап шеккендердің бірі.

Қортыныды


Қорыта келгенде мамандардың айтуынша, ашаршылық басталған 1932 жылы туылған 10 қазақтың біреуі ғана аман қалып отырған. Халықтық жалпы қасіреті жадында сақталып қалған елін сүйген азаматтар Кеңестік биліктің қатаң бақылау саясатына қарамастан, тарихтың ащы шындығын болашаққа жеткізуге тырысып жатты. Әрбір қазақ шаңырағын шайқалатын ашаршылық тарихына қызығушылар саны жылдан—жалға артып келеді. Себебі, ашаршылық қасіреті елдің жадынан ешқашан ұмытылған емес және ұмытылмайды. Ал, бүгінгі ұрпақ кеңестік дәуірдегі әлеуметтік тәжірибелер, адам құқықтарын таптау және осы сияқты келеңсіз құбылыстардың қайталанбауы үшін өткен тарихымызды білуі тиіс. Шын мәнінде, бүгінгі жастар ашаршылық тарихын білуі керек және оның құрбандарын ұмытпауы тиіс. Өткен тарихтың ақиқатын халыққа жеткізу арқылы оның сабақтарын әрқашан есте сақтауымыз керек.
Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:
1921 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)
1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам)
1946 жылдары болған аштық.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9006/

  2. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет