Бір жылдық жаппай себілетін дақылдардан кейін негізгі топырақ өңдеу жүйесі
Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі
Екпелі көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеу жүйесі
Аралық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі
Егін себер алдындағы жəне сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйелер.
Бір жылдық жаппай себілетін дақылдардан кейін негізгі топырақ өңдеу жүйесі
Суармалы егіншіліктің негізгі көлемдері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстарында шоғырланған.
Аталған аймақта дəнді масақты дақылдарды жинасымен іле-шала аңызды ЛДГ-15, ЛДГ-20 тəріздес сыдыражыртқыштармен немесе дискілі тырмамен (БДТ-7 тəріздес) 6-8 см тереңдікке өңдейді. Ол кеш пісетін арамшөптерді, аңыздың топырақ астындағы тамырларын қырқады. Бұл танапта қалған ылғал қорын сақтауға мүмкіндік туғызады. Керек болса танапты сыдыражыртқышпен екінші рет 12-14 см тереңдікке өңдейді.
Танапта атпатамырлы арамшөптер басым болса, онда ерте пісетін дақылдарды жинап алған соң топырақ 28-30 см тереңдікке артына БЗСС-1,0 тəріздес тісті тырма тіркелген шолақ түренді ПЛН-4-35, ПЛН-3-35 соқаларымен бірден жыртылады, ал одан кейін арамшөптер қайталап өсіп шықса, онда 12-14 см тереңдікке дискілі құралдармен өңдейді. Тамыр жүйесі терең орналасатын көгентамырлы арамшөптер басым болса, онда топырақты 10-12 см тереңдікте түренді сыдыра жыртқышпен өңдеу керек.
Қазақстанның күзі ұзақ жəне жылы оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаппай егілетін дəнді дақылдардан кейін топырақты жартылай сүрі жер ретінде өңдеудің мүмкіншілігі бар.
Ерте пісетін дəнді масақты дақылдарды жинап алғаннан кейін осы жылы күздік бидайды немесе келер көктемде жаздық дақылдарды сепкенге дейін ұзақ уақыт бар. Осы аралықта танапты жартылай сүрі жер ретінде өңдеуге болады. Ол үшін алғы дақылды жинап алғаннан кейін жерді қайырмалы соқамен 22-25 см тереңдікке жыртады. Содан күзге дейін арамшөптердің көктеп шығуына байланысты танапты 6-8 см –ден 8-10 см тереңдікке 2-3 рет культивациялайды. Соңғы культивациялау күздік дақылдардың тұқым себу тереңдігіне жүргізілуі керек. Содан кейін күздік бидай немесе көктемде жаздық дақылдар себіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |