Тақырыбы: Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Тексерген



бет5/6
Дата22.12.2022
өлшемі32,68 Kb.
#163946
түріПоэма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-5021

Біріншіден, мемуарлық шығармаларда нақты фактімен сөйлеу, деректілік, өмірдің шындығымен сөйлеу жағы басым жатады. Екіншіден, өмір танытқыштық, өткенді жинақтап көрсету, қорыта сөйлеу, жинақты түрде бейнелеу қасиеті де бар. Осы қасиеттер біріккенде де ғана мемуарлық көркем очерктің мазмұны мен көркемдік сапасы өз дәрежесінде шығады. Мемуарлық очерктер жазу үшін автордың өмірлік тәжірбиесі мол, сөз етуге тұрарлық оқиға, құбылыстарды дұрыс таңдап қана қоймай, үлгі-өнеге боларлық тұстарды саралау шеберлігі де болуы шарт. Жазушы басынан өткен нақтылы өмір құбылыстары, оның сыры, қайшылықтары терең ұғылмай, терең зерттелмей, тарихи және қоғамдық шындық сарапталмаса тәлімдік-танымдық қасиеті мол туынды жасалмайды. Жазушы өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырғанда ғана рухани ләззат аларлық туынды өмірге келеді. Мемуарлық шығармалардың басқа шығармалардан айырмашылығы – құжаттық-деректік тұрғыдан неғұрлым нақты болады және автор өз көзімен көрген, білген оқиғаларын шығармасына арқау етеді.
Мемуар жанрының туу тарихы ерте дәуірлерден басталады дейді, бірақ, шын мәніндегі мемуар жанрының жетілу, қалыптасу кезеңдері ХҮШ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығы. Орыс әдебиетіндегі мемуардың классикалық үлгілеріне А.Герценнің «Көргендер мен ойлары», Л.Толстойдың «Балалық шақ», «Жастық», «Жігіттік», К.Гольдонидің «Мемуарлары», М.Горькийдің «Менің университеттерім» т.б. шығармалары жатады. Қазақ әдебиетінің тарихында мемуарлық жанр ХХ ғасыр туып, қалыптасқан. Оған Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Менің мектептерім», «Өсу жолдарымыз», Ғабиден Мұстафиннің «Ой әуендері», «Сыр дәптері», М.Қаратаевтың «Көргенім мен көңілдегім», Медеу Сәрсекеевтің «Сәтбаев», Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние», Сафуан Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны», Мұзафар Әлімбаевтың «Көңіл күнделігінен», Асанәлі Әшімұлының «Майраның әні», Әлібек Асқаровтың «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» т.б. өмір, әдебиет, мәдениет тарихы, ақын-жазушы, өнер адамдары туралы ой толғайтын, мемуарлық сарындағы көркем шығармалары баршылық. Бұл кітаптардағы авторлар өздерін тек жақсы жағынан көрсетуді ғана мақсат етпей, қате басқан, адасқан тұстарына өмір өте келе баға беру, қиындыққа түскен кездеріндегі көңіл-күй, қиындықты жеңген сәттерін де бейнелеуімен құнды.
Мұзафар Әлімбаевтың «Көңіл күнделігінен» эссе түрінде жазған мемуарлық очерктері қызықты әрі мағыналы. Өзінің балалық шағынан бастап баян еткен ақын өмірінің, тіршілігінің бағдарын көре отырып, әр тұстан әртүрлі кейіпкерлерді кездестіреміз, түрлі ерекшелік, мінез-құлық жиылып келгенде сол кезеңдегі қазақ ақындарының қалыптасу, есею жолдарын танығандай боламыз. Автор туған жері Маралдыны суреттегенде оның талай ақынның, аққу көмей әншінің өлең-жырына арқау болғанын тілге тиек ете келіп, былай суреттейді: «Маралды! Қозыкөш жеріндегі қырларында жидегі сыңсыған, қол созым жердегі шілігінде қарақаты мөлдіреген Маралды! Құс баласынан көлдерінің беті көрінбейтін Маралды. Жонында жайылған дуадағы тоқтыдай Маралды. Жылыбұлақ көлінен ұстағанда қара балығы бір үйді қалжасына қарқ қылатын, шортанын жиырмадағы жігіт әзер көтеретін Маралды. Қынасының қызыл реңі қыз жүзіндей алаулаған Маралды. Көк майсасынан құлын жоны көрінбейтін Маралды. Құяңнан қажыған кәрі шалды көктемге жетсе, құлан таза құтқаратын шипа сулы Маралды. Топырағы тоң майдай томырылған, құнарлы қырларында астығы асқар таудай үйілетін Маралды...» . Туған жердің қысын да, жазын да, күнін де, түнін де шын сүйе білген ақын жүрегінен осыншама көрікті сөздер туған. М.Әлімбаев туған жерге, елге деген махаббатын осы очеркінде теңдесі жоқ сұлулығын, адамдарының асылдығын небір өрнектер арқылы төккен. Жасынан туған жердің қасиетін көріп өскен автор Ертіс өңірінен шыққан Құдайберген, Майра, Бұқар, Көтеш, Иса, Естай өлең-дастандарын әр дәрежеде естіп, қабылдап өскендігі, өсіп-өрлегендігінің көркемдік куәсі де осы адамдар екенін айғақты мысалдармен дәйектейді. М.Әлімбаевтың бұл кітабының «Көңіл күнделігінен» атты тарауы бас-аяғы жинақы, көздеген мақсаты туған ел мен туған жер, өскен орта туралы айтуды мақсат еткен нысанасына дөп тиген, мұндағы очеркшінің тұжырымдары да нақты, шыншылдық дәстүрде жазылған мемуарлық белгілерге толы шығарма. Бұл кітабы арқылы Мұзафар Әлімбаев өмірге деген өзінің көзқарасын, өзіндік ой тебіренісін, өз топшылаулары арнасынан көрсеткен деуге болады. Очеркшінің жеке басының өмірлік тәжірбиесі, сүйініш, күйініші, өмірлік шындықтың өзгелер байқай қоймайтын сырлары, құпияларын ашады және соның бәрін өзінің төл пікіріне айналдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет