Резистенттілігі: Кептіруге, қоршаған орта әсерлеріне төзімді. Бөлме температурасында тез жойылмайды. Дезинфектанттарға сезімтал.
Эпидемиологиясы: ауру табиғи-ошықтық инфекцияға жатады. Инфекция көзі- тышқан тәріздес кеміргіштер. Ауру қоздырғышын тасымалдаушы- қызыл денелі кене. Ауру маусым-қыркүйек айлар аралығында белсенді болады. Қиыр Шығыста жиі кездеседі.
Патогенезі мен клиникалық көріністері: Риккетсиялар ауру кенелер шаққанда ағзаға тусіп, қанға енеді. Қан тамырларының эндотелийінде көбейіп, түйіндер түзеді. Ауру жалпы әлсіздікпен басталады. Инкубациялық кезеңі 7 күннен 18 күнге дейін созылады. Клиникалық көрінісі қызбамен, бөртпемен сипатталады. Аурудың ағымы ауыр, өлім-жітімдігі жоғары. Ауру 2-3 аптаға созылады. Ауыр жағдайда ОЖЖ мен жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалады.
Иммунитеті: Аурудан кейін иммунитет ұзаққа созылмайды, тұрақсыз. Қайталап ауыру байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |