Тақырыбы: «Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі» Күн тәртібінде


«Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы)



бет2/5
Дата06.11.2023
өлшемі31,03 Kb.
#189940
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ата аналар тренг№1 жиналыс (1)

2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы)
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 
3. Жаттығу«Бақыт деген не өзі?» (Бақыт әнін тыңдау)
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі. 
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
4. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем» (ән орындау)
1-топ:
Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол – 

2-топ:
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол – 

3-топ:
Ұстаз бақыты, ол – 

Отбасы бақыты, ол-  
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет. 
5. «Балама қандай жылулық беремін?» 
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек. 
4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы» 
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды. 
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады. 
Тренингке қатысушы көрермендермен сергіту «Таңды қалай қарсы аламын?» (Таңертең тұрған соң таңды қалай қарсы аласыздар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет