Тақырыбы: «Балаға жүрек жылуы»


Оқушы: М.Мақатаев «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген»



бет6/7
Дата30.01.2022
өлшемі126,88 Kb.
#130181
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ауызша 7, платформалар 4 тапсырма , сро 1
Оқушы: М.Мақатаев «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген»

Оқушы: Бізді өмірге әкелген анамыздың баласына деген махаббаты ерекше.Ана баласы үшін жалаң аяғымен от кешуге де дайын.Ананың балаға деген,баланың анаға деген махаббаты шексіз.

Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар. Махаббат сөзінің мағынасы сан алуан екен. Ананың балаға деген махаббаты шексіз әрі баға жетпес сүйіспеншілік екеніне көз жеткіздік.

Күй: «Келіншек»

Көрініс.. М.Төрежанов «Сары тауық пен балапандары»

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық қанша асықса да балапандарын мекеніне жеткізе алатын емес.


Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет