Тақырыбы: Балалар спазмофилиясы


Клиникалық айқындалуының 2 формасы бар



бет2/4
Дата24.05.2024
өлшемі5,51 Mb.
#202865
1   2   3   4
Байланысты:
спазмофилия

Клиникалық айқындалуының 2 формасы бар:


Ларингоспазм
дауыс желбезектерінің тырысып дыбыс саңлауының тарылуы. Бала қиналып, шумен дем алады, реңінде қорқыныш, терлеп кетеді, есінен танып бірнеше секундтан соң шумен дем алады.
Эклампсия
баланың барлық бұлшықеттерінің құрысып-тырысуы, аузынан көбік шығып, бала есінен айрылады.

Клиникасында жасырын түрі жиі кездеседі,оны дер кезінде анықтаудың маңызы зор.Құрысуұстамалары әлі жоқ кезде спазмофилиямен ауыратын баланың жүйке жүйесіндегі жоғары механикалықжәне гальваникалық қозу орын алып,оның төмендегідей белгілері болады: Беттік феномен, Люст феномен,Труссо белгісі, Эрб белгісі, Маслов белгісі.

Клиникасында жасырын түрі жиі кездеседі,оны дер кезінде анықтаудың маңызы зор.Құрысуұстамалары әлі жоқ кезде спазмофилиямен ауыратын баланың жүйке жүйесіндегі жоғары механикалықжәне гальваникалық қозу орын алып,оның төмендегідей белгілері болады: Беттік феномен, Люст феномен,Труссо белгісі, Эрб белгісі, Маслов белгісі.


Беттік феномен немесе Хвостек симптомы - сәбидің бет сүйегінің шығыңқы жағын немесе жағының төменгі бұрышын (бет жүйкесінің шығатын жерлерін) саусақпен жеңіл шерткенде соған сәйкес қабақтың не ауыздың қас қағымдық дірілі пайда болады.
Люст феномені - перкуссиялық балғамен кіші жіліншік басын тықылдатқанда табанның тез жиырылуы және оның сыртына қарай иілуі байқалады.
Труссо белгісі - иықтағы екібасты бұлшық ет тұсындағы тамыр-жүйке байламын саусақпен басқанда сәби қолының төменгі жақтағы бұлшық етінің тартылуы салдарынан «акушер қолының» көрінісі шығады.
Эрб белгісі - жүйке еттерінің жоғарғы гальваникалык қозғыштығы. Мұны анықтау үшін шынтақ иілісіндегі жүйкені тұрақты тоқпен тітіркендіреді. Бұл кезде катодтан айырғанда дені сау баланың иығының алдыңғы бұлшық еті тартылады және ток күші 5 А-ге жеткенде саусақтары иіледі, ал спазмофилияға бұл үшін 2-3 А, 1 А де жеткілікті.
Маслов белгісі - сау баланың аяғына ине шаншыса, оның тыныс алуы жиілейді, ал ауру (тетания) болса, тыныс алысы аз уақытқа тоқтап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет