Дифференциалды диагноз Бронхтың жəне өкпенің обструктивті синдромы бар өзге ауруларымен жүргізеді: пневмония, обструктивті бронхит, муковисцидоз, біріншілік иммунотапшылық, біріншілік цилиарлы дискинезия, трахео-бронхомаляция, тыныс жолдарының ішкі жаншылуын туындататын қантамырлар дамуының ақауы, стеноз жəне гемангиома, гранулема жəне киста, туберкулез, эмфизема болуына байланысты тыныс жолдарының тарылуы.
Анамнез деректері бойынша атопияға бейімділіктің болмауы жəне аллергоанамнездің болмауы. Аллергендердің байланысы жоқ. Бронхолитиктерді қолданудан тиімділік болмау, тамақтанумен жəне құсумен байланысты ысқырмалы сырылдар, дене салмағын нашар қосу, оксигенотерапияға ұзақ қалыптасқан қажеттілік.
Физикалық тексеру деректері бойынша: қол саусақтарының «барабан таяқшалары» түрінде өзгеруі, жүректегі шулар, стридор, аускультация кезінде сықырлар, кенеттік цианоз.
Белгілері
|
БД
|
СОӨА
|
Ауру басталатын жас
|
Жастық шақта
|
Көбінесе орта жас, кәрілік шақ
|
Аурудың басталуы
|
Көбіне аяқ астынан
|
Біртіндеп
|
Анамнезінде темекі шегу
|
Сирек
|
Өте жиі (тұрақты десек де болады)
|
Аллергиялық көріністер
|
Жиі
|
Сирек
|
Ентігу
|
Ұстама тәрізді
|
Тұрақты, ілгерілеуші
|
Жөтел
|
Өршу кезінде ұстама тәрізді
|
Тұрақты, оқыс ауытқусыз
|
Қақырық
|
Сирек
|
тән
|
ДШЕЖЖ тәулік ішінде ауысып отыруы
|
тән
|
Тән емес
|
Бронх бітелуінің қайтымдылығы (ҮДШК1 немесе ДШЕЖЖ)
|
тән
|
Жартылай немесе қайтымсыз
|
Қанда және қақырықта эозинофилия
|
тән
|
Тән емес
|
Бронхиальді гиперреактивтілік
|
Айқын көрінген
|
Айқын емес немесе жоқ
|
Созылмалы өкпелік жүрек
|
Тән емес, немесе өте сирек жағдайда СОӨА қарағанда сирек және кешірек дамиды
|
Жиі қалыптасады
|
Аурудың өршуі
|
Оқта-текте көрініс түрінде
|
Тұрақты
|
ЭТЖ және лейкоцитоз
|
Тән емес
|
Асқыну кезіне тән
|
Өкпедегі аускультативті өзгерістер
|
Симптомдар пайда болған кездегі құрғақ ысқырықты сырылдар
|
Өте жиі құрғақ және ылғалды сырылдар
|
Қақырық
|
Шырышты, эозинофилдер, Шарко-Лейден кристаллдары
|
Шырышты-іріңді нейтрофильдер, лимфоциттер
|
Достарыңызбен бөлісу: |