Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Атопияға тұқым қуалайтын бейімділік.
2. Пассивті шылым тарту бала жастағы демікпенің ауырлығын күшейтеді.
3. Жасөспірім шақта шылым тарту персистирлейтін демікпе қаупін ұлғайтады.
4. Үй шаңының кенелері.
5. Жануарлар жүні.
6. Тозаң мен зеңді саңырауқұлақтар.
7. Дəрі-дəрмектер.
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары фонында: «үй кенесі» секілді аллергендермен немесе жануар тектес аллергендермен қатынаста, таңертеңгі немесе түнгі уақытта физикалық жүктемелерден кейін (əсіресе суық мезгілде); - эпизодтық экспираторлық ентікпе; - ысқырықтық сырылдар; - көкіректегі қысылулар; - құрғақ жөтел болуы мүмкін, бірақ жиірек сілемейлі қақырық болады; - қиындаған ысқырмалы тыныс ұстамалары; - тұншығу ұстамалары, əсіресе түнде, ентікпемен қоса құрғақ сырылдар. - аллергиялық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік; - тұқымқуалаушылықты анықтау;
- науқас нəрестеде аллергиялық генездегі қосарланған аурулар анықталады (атопиялық дерматит, есекжем, Квинке ісінуі жəне т.б).
Достарыңызбен бөлісу: |