Әліппе кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6) сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7) сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
8) тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді;
9) мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
10) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
11) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
12) көркем жазу талаптарына сай, жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады;
13) ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі;
14) еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі.
ҚР білім беру жүйесін реттейтін құжаттар
ҚР «Білім туралы» Заңы
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, тұжырымдамалары
Оқу бағдарламалары
Оқу жоспарлары
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.
Білімнің зайырлылығы.
Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау.
Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы.
Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
Білім беру саласының информатикаландырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |