Тақырыбы: Бастауышым балбұлағым Мақсаты: 1



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,94 Mb.
#33261
1   2   3

2. Ойын «Жауабын тап»
Ережесі: Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек.
Елтаңба – не? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз, т.б )
Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі)
Әнұранды – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Ендеше, сіздерді өз Отанымыздың алдында ант қабылдауға шақырамын.
Ант
Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін!



Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ.  

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту;  денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.     

Түрі: тренинг

Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер, витамин, сағыз, тәтті сусын, чипсы және т.б.

Барысы: І. Кіріспе.

                 ІІ. Маман кеңесі.

                 ІІІ. Сергіту сәті.

                 ІҮ. Жұмбақ шешу.

                  Ү. Зиянды әдет – мың бір әдет.

                 ҮІ. Мақал-мәтел айту.

                ҮІІ. Рефлексия.

                                                            І. Кіріспе.



Мұғалім: - «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. «Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.

(Сол сәтте сабақтың үстіне есік қағып Жалқаубек келеді.)

Жалқаубек: - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.

(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)

- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.

                                                  ІІ. Маман кеңесі.



Мұғалім: - Жалқаубек, асықпа. Бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?

Дәрігер: - Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар -  дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.

Мұғалім: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?

Дәрігер: - Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.

Мұғалім: - Сізге рахмет, дәрігер. Енді диетолог маманнан сұрайтынымыз: чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?

Диетолог: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

Мұғалім: - Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)

Мұғалім: - Ал қандай тамақ пайдалы?

Оқушы: - Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы.

Дәрігер: - Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?

-          Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin – қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.



Мұғалім: - Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тыңдайық.

1-оқушы: - Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.

2-оқушы: - Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға болады.

3-оқушы: Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.

Диетолог: - Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.

Мұғалім: - Міне, көрдің бе, Жалқаубек, бұдан былай қандай тамақ пайдалы екенін біліп жүретін болдың. Ендігі кезекті биге берейік.

                                                          ІІІ. Сергіту сәті.

- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік. Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық.

 Би «Қара жорға»                                                  

                                                         

  ІҮ. Жұмбақ шешу.

 1. Оны күткен адамдар

     Ұзақ өмір сүреді.

      Қадірін білген жарандар

     Байлық осы деседі.         (Денсаулық)

2. Бір-бірімен дос туыс,

   Тау түбінде қос қуыс.         (Мұрын)

3. Жарасы жоқ сыздайды,

   Өртенеді, мұздайды.           (Жүрек)

4. Ертемен күнде сен

    Қолыңа сүйкесең.

    Кетіп кір, ласың

    Тап-таза боласың.

    Бұл не?        (Сабын)

5.  Шомылған баланы

     Аймалап алады:

     Сүртеді қолын да,

     Сүртеді жонын да.

     Бұл не?             (Сүлгі)

6. Сырты жаман, іші жын,

    Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)

 

7.  Түтін болып кіреді,



     Күркіл болып жүреді.   (Темекі)

 

                                                Ү. Зиянды әдет – мың бір індет.



Мұғалім: - Арақ ішіп, темекі шеккен,

                   Денсаулық түбіне жеткен, - деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не ойлайсыңдар?



Оқушы: - Спиртті ішімдіктер - адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар.

Оқушы: - Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.

Оқушы: - Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну өлімге әкеледі.

Мұғалім: - Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат –никотин. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады. Балалар арасында да үлкендерге еліктеп темекіге әуестенушілер өте көп. Темекі шегуге әуестенетін достарыңа не айтар едіңдер?

Оқушы: - Темекі шегу – халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт.

Оқушы: - Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады екен.

Оқушы: - Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.

Мұғалім: - Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.

                                                  ҮІ. Мақал-мәтел айту.

-          Дені саудың – жаны сау.

-          Денсаулық зор байлық.

-          Шынықсаң шымыр боларсың.

-          Ас адамның арқауы.

-          Тазалық – денсаулық кепілі.

-          Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады.

-          Ішің ауырса, аузыңды тый.

      Көзің ауырса, қолыңды тый.

-          Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

-          Ыдысы тазаның – ырысы таза.

-          Қотыр қолдан жұғады.

-          Ластың досы – шыбын.

-          Емнің алды – еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

-          Аурудың жақсысы жоқ,

            Дәрінің тәттісі жоқ.

                                                         ҮІІ. Рефлексия.

-          Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-          Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?

-          Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?



Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Тақырыбы: Имандылық - тәрбие бастауы

Пікірталас: «Имандылық бастауы не?»
Мұғалім:
Имандылық - қоғамдағы қарым – қатынас.
Имандылық пен әдептілік бір - біріне балама ұғымдар емес. Бірақ олардың арасында тығыз байланыс, табиғи шарттылық бар. Өйткені, екеуінің негізінде де ізгілік пен ар - ұят жатыр. Иман дегеніміз – сенім. Имансыз сөзі – сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар - ұяттан ада, азғын мағынасын береді.
Адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Олай болса, адамда шынайы сенім, дұрыс көзқарас қажет. Сонда адам неге сенуі керек? Адамда ождан бостандығы болуға тиіс. Осы арада бір айта кететін жайт: бізде кейде ождан мен иманды бір - бірімен шатастырушылық кездеседі. Имансыздық дегеніміз – ұятсыздық, ождансыздық.
Имандылық – егер адам туралы жақсы пікірде болсақ, «иманы бар», «иман жүзді» дейміз. Иман жүзді деп – ізгі - ілтипатты, тура сөзді, мейірімді адамды айтады.
Кімде - кім: инженер, дәрігер, мұғалім, өнерлі, жұмысшы немесе диқан - өз ісінің пайдалы, игілікті және қажеттілігіне сенбесе, оған саналы түсініп, көзін жеткізбесе, ол істі барлық күш - жігерімен, көтеріңкі рухпен істей алмайды. Ол жұмысты қажетті сенімсіз, бей - әрекет орындаушы болып қалады. Әрбір адам орындалады деп сенгендіктен алдына мақсат қояды. Сенім білімнен шығады. Білімсіз сенім бос қиял болып табылады. Сенімнен үміттену келіп шығады.
Әркімнің сенім бостандығын қолдап, адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, игілік, әділдік қарым - қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалана отырып, зайырлы мемлекет құру жолын ұстануды таңдауымыз қажет.
Адамзат қауымы сенімнен үмітпен, табандылық, жігерлілікпен өмір сүруі керек. Имандылық мұраты – инабатты болу.
Инабаттылық жөнінде ұлағат сөздерді мысалға келтіргім келеді.
"Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ" (Абай)
"Адамда алдында ұялу - жақсы сезім, бірақ бәрінен жақсысы өзіңнен өзің ұялу"
(Л. Н. Толстой)
Жақсының жаты болмас,
Жаманның ұяты болмас.
Мақал

Ұят адамның барлық құштарлықтарының ішіндегі ең тамашасы, махаббат анасы.


(М. Сервантес)
Қорыта келе балалар сендерге айтар ойым, ақылым көп жылдық тарихымызды, салт - дәстүрімізді, мәдениетімізді, тілімізді және асыл қасиеттерімізді сақтай білейік.
Бар күш жігерімізді білімге, мәдениетке, қоғамға, болашағымыз жарқын болуына үлкен үлесімізді қосайық, еліміздің болашағы жастар сендердің қолдарыңда!


күні: 04/04/2015ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жеті атаң жарық жұлдызың
Мақсаты:

а) Жеті атаң жарық жұлдызың екені жайлы оқушыларға түсінік беру.



ә) Оқушының жеті атасын есте сақтауға дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
б) Оқушыларды жеті атасын, салт- дәстүрлерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап, нақыл сөздер
Тәрбие сағатының барысы: Оқушыларды тәрбие сағатына даярлау.
Кіріспе бөлім

Мұғалім:
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияғатүсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған. Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білген, сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя  секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп Жеті ата қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған. Сөйтіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күнделікті моральдік санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай құқықтар мен міндеттер жүйесі біртұтас әдеп деңгейінде көрініс тапқан. Әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылған, яғнигипержанұядан аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған.

Қорытынды:

Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды.




Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»


Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, үйден дайындаған мақалдарды айтады.

1 тур. 1 - айналым.


Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)
2 - айналым.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт – төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
9. Ердің атын... (еңбек шығарады)

2 – тур. 1 - айналым.


Ортаға үш жұмбақшы шығады.
1. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір — біріне жасырады.
2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең ас ұпай жинаған бір огқушы ойыннан шығады.
1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдңм, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
3. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

2 - айналым


Екі адам бір – біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)

3 - тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.


Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)

Отыз екі тістен шыққан сөз,


Отыз рулы елге тарайды.

2. Бір беткейде екі көл. (көз)

Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

3. Еш тесікке тұрмайды,


Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Тау мен тасты су бұзар,


Адамзатты сөз бұзар.

4. Білімнің дәнін тереді,


Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

5. Аспаннан домалап,


Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)

Арпа, бидай ас екен,


Алтын, күміс тас екен.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғасытырсы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғасытырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
- Өмірде не жетім?
- Өмірде ата – анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Хан ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.
Суы жоқ – құдық жетім,
Ұлы жоқ – әке жетім.
Қызы жетесіз болса – ана жетім,
Досы жоқ – жігіт жетім,
Шәкіртсіз – ұстаз жетім,
- Үйде кім, елді кім қадірлі?
- Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.

Кері қайту

Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз!


Мақсаты: Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол белгілерінің суреттері.
Сабақтың барысы.
Мұғалім: Біздін қаламызда әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуы қажет. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
1 - оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 - оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 - оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 - оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал
6 - оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 - оқушы: Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 - оқушы: Жарасып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (бағдаршам)
Мұғалім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам жоқ көшелерден өтетін кезде, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Бағдаршам жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Балалар бүгін бізге қонаққа бағдаршам келіпті, бағдаршамның сендерге әкелген тапсырмалары бар екен.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, құрметті бағдаршам?
Бағдаршам: Балалар, мен бүгін сендерге сұрақтар, ойын, сөзжұмбақ әкелдім. Енді ойнымызды бастайық.
Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды алғаннан кейін оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді: қызыл көтергенде - тұр, сары - күт, жасыл - жүр.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Бағдаршам: Мен сендердің білімдеріңді сынамақ үшін сұрақтар ала келдім.
Көрініс: Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін корсетеді.
Қызыл: Тоқтап тұрады.
Сары: Дайындалады.
Жасыл жанғанда: Жолдан өтеді
Ән: << Әрқашан күн сөнбесін>>
Бағдаршам: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Қорытынды.
Мұғалім: Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.
- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
- Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
- Тілін алуымыз керек.
- Осымен сабағымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет