Тақырыбы: Бастауышым балбұлағым Мақсаты: 1



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,94 Mb.
#33261
  1   2   3
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм ауылы

Негізгі білім беретін №2221 Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ташимова Жанна




Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ертеңгілік

Көрнекілігі:  мақал- мәтелдер, тақырып, шарлар, гүлдер, өлеңдер

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер "Бастауышым балбұлағым" атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап жоғарғы сыныпқа қадам басқалы тұр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігімізді  ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 сынып оқушыларын ортамызға!

Қазақстан Республикасының Мемлекттік Гимні орындалады.

1-жүргізуші: Азиз

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Хош келдіңіздер ұстаздар,ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға

2-жүргізуші: Мөлдір

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби- еркелер.

Бастаушылар қосыла: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!


Хормен:

Мектеп- кеме, білім- теңіз,

Барар жерге тез жетеміз,

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

Мұхамеджан:

Армысың сен, алтын ұя мектебім


Саған айтар жыр – алғысым көп менің
 Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !

1- жүргізуші: Азиз

- Дұрыс айтасың Мұхамеджан! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.


Олай болса , алтын  ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!

Орындайтындар: Нұрмахан Азиз, Машрап Мөлдір
2 - жүргізуші: Мөлдір

- Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.Ендеше сыныптарымыздың  

мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Гауһар:

Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз,


Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз

Әсет :

Мектеп  деген білім кені, жыр кені ,


Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекен.
Нұрай :

Мектеп -  үйім , ұстазым , менің ата-анам,


Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

1- жүргізуші: Азиз

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,

42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Мөлдір?
2 - жүргізуші: Мөлдір

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.


1- жүргізуші: Азиз

- Дұрыс айтасың Мөлдір, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.


2 - жүргізуші: Мөлдір:

-Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.



Ринат:  

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,


Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 

Аида:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,


Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

Олжас :

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,


Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене қарап қойып біздерге 
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Әлідос:

Нұр құйған санасына зейіндінің 


Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
          Мың алғыс мына отты жүректерден !
1- жүргізуші: Азиз

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 


Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін 
Сіздерге арнап айтатын тілегін де
Әсет:

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Жанна апай осындай.

Ерсұлтан:

Сөз сөйлесе жарқын — ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Бақберсін ағай жүреді.

Олжас:

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Ғалия апай,

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

Әзілі бірге жүрер өзіменен

Ғалия апай қашып кетсек аямады.

Серікболсын:

Үйренеміз жалықпай,

Орыс тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Зура апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.



Мұхамеджан:

Ән айтқызып бізді әрлеген,

Баянын тартып терлеген.

Баян апай байсалды,

Рақмет алғыс сіздерден.

2 - жүргізуші: Мөлдір

Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым менің» әнін қабыл алыңыздар. 



Орындайтындар: Арсен мен Аида

1- жүргізуші: Азиз

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .


Әсет:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,


Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін 
Ақылды балаларың оны білген.
Ән : «Әкешім»   орындайтын: Әсет

Көрініс: (ортаға қария мен 4оқушы шығады)

Әлідос:

-Ата, ата, арман деген не?

Ата: Арсен

-Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

Атасы:

-   Дос табу оңайма?

Аида:

-   Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Атасы:

-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Атасы:

-Үйдегі алтын қазығың кім?

Мұхамеджан:

— Ата, үйдегі алтын қазық…

Атасы:

-Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады.

Ана -ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің,

қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, — депті қарт.

Атасы:

-   Өмір сүру үшін не қажет?

Әсет:

-   Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.

-   Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз — дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

Атасы:

-Адамға ақыл беретін кімдер?

Гауһар:

— Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.

Атасы:

-Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.

2 - жүргізуші: Мөлдір

Әр ана өз баласын  мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін ! 


1 - жүргізуші: Азиз

- Ия , дұрыс айтасың   Мөлдір. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?


Рауан :

Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,


Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым ! 

1 - жүргізуші: Азиз

Осыдан 4 жыл бұрын біз 5 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп  табалдырығын жасқана аттаған едік.


Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

2 - жүргізуші: Мөлдір

Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !



Арсен :

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,


Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Гауһар :

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,


Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.

Ринат :

 Бастауышым – балбұлағым,


 Алдым сенен балдың дәмін.
 Әріп танып, білім алып
 Рахметімді жаудырамын

Би:  « Өзбек биі » Биші: Нұрай

Аида:

Анашымдай сыр шерткен,


Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз ,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз ,
Әдебиетпен достасамыз.
Әсет :

Ойланып есеп шығартып,


Төрт амалды  білдірген.
Ғылымдардың патшасы ,
Математика данасы.
Нұрай :

Қазақ тілі пәнінен,


Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын ,
Етістіктің шақтарын ,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадық
Ерсұлтан :

Ой жіберсең бәріне,


Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер ,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
 Дүниетану сабағы. 
1 - жүргізуші: Азиз

- Қане, балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Қане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік. 


1. Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ?  Жауап : Арсен. 
Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра.
Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра. 
Бір сағаттың қадірін , мектепке асыққан ұстаздан сұра.
Бір минуттың қадірін  сабақтан кешіккен оқушыдан  сұра.
Бір секундтың қадірін  апаттан аман қалған кісіден сұра.

1. "Толғауы тоқсан қазақ тіл" сөз тіркесінің мағынасын айту

1."Сұлу" сөзіне мәндес сөздерді ата (келбетті, көрікті, әдемі ажарлы,)

2."Қабағынан қар жауады" тіркесінің мағынасын түсіндір (ашуланды) 
2." Ұйқасын тап"

1. Жағасын бұлақ, жайылып жүр....(лақ)

2. Бата алмас түлкі, үсті тікен....(кірпі)

3." Кім жылдам?"

1. Арман нешеде?

Сен нешедесің? - деп сұрағанда, Арман: Егер ең кіші 3 таңбалы саннан ең кіші 2 таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың,- деді. Сонда Арман неше жаста?

(Жауабы: 100 -10= 90 : 10= 9) Арман 9 жаста

 1 - жүргізуші: Азиз

- Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен. 


Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.
Серікболсын:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?


Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Гауһар :

Өтті сенде қызық шағым ,


Бастауышым – балбұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
 Қимастықпен қол бұлғаймын.
Би:  «Қара жоға »  бишілер: Мөлдір, Аида, Гауһар, Әсет, Арсен, Мұхамеджан

Хормен: Білім берген біздерге,
                Рахмет, ұстаз сіздерге ! 

-Құрметті қонақтар,осымен "Бастауышым - балбұлағым" атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Қортындылай келе сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Шораева Нәзігай апайға сөз кезегін береміз. Ата- аналар комитетінің төрайымы: Аязбекова Қарлығаш апайға сөз кезегін береміз. Келгендеріңізге көптен- көп рахмет! Сау болыңыздар!



2- жүргізуші: Ендеше, аналарымызға арнап ән жолдайық.

Ән: "Сенің анаң алтын"

1-жүргізуші:

Армысыздар,әлеумет кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді,

Қуанып зер салайық,ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Күлімдеп жанары,

Біздерге жиі кеп.

Сынақтар алады,

Оқысаң нашарға.

Түйілер қабағы,

Бестікті көп алсаң,

Мәз-мейрам болады.

Бүгін мектебіміздің бастауыш буынын бітіргелі отырған бітірушілердің ән-шумағын қабыл алыңыздар.

1-оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Хош келдіңіздер ұстаздар,ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға

2-оқушы:

Шаттанамын бүгін мен шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім,мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым,

Түстей болып міне бүгін артта қалдым.

3-оқушы:

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4-оқушы:

Мектебім,алтын ұям,нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

10-оқушы:

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың,даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңды.

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.

Хор: «Ұстазым» әні

Бәрі бірге:

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт,табыс,амандық!

Мұғалім:


-Сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға сөз береміз.

-Сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апай береміз.

2-жүргізуші:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтайын тілегін де-дей отырып ұстазымызға сөз береміз.

Мұғалім:


-Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын,

Тек биікке самғасын.

Әріптерді танып алып тұрсыңдар,

Естеріңде болсын: алда бір сын бар.

4 жыл менен білім алып шыққанмен

Келешекте жазылатын жырсыңдар.

7 жыл да өтер зулап сынаптай,

Бақыттымын маған тұрса сын айтпай.

Құрметті ата-аналар,сіздер де маған көмекші болып,әрбір іс-шараларға атсалысқандарыңыз үшін үлкен рахмет айтамын. Балаларыңыздың бағына шомылып ұрпақтарыңыз мың жасасын!

-Сөз кезегін ата-аналарға береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет