1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні əлемнің біраз елінде тойланады. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Біздің еліміздің барлық аймақтарында мерекені сəн-салтанатымен атап өту игі дəстүрге айналған. Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке Орал қаласының № 9 «Еркемай» бөбекжайында аталып өтілді. Мерекеде балалардың жүзі қуанышты күлкіге толы болды. «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен мереке басталды.Тосыннан сайқымазақтың келіп мерекеге бөгет болғысы келіп, кейін ол балалармен достаса отырып оларға «Қалай өмір сүресің?» ойынын сұрақ-жауап арқылы ойнатып, балалардың түрлі сұрақтарға тез жауап беру қабілетін байқады.Сонымен қатар жұмбақтар жасырды.Балалаар қарап қалмай мерекеге арнап «Звездочка» тобы заманауи би «Ча-ча-ча» , сазды әуен «Құлыншақ» тобы «Бақшамызда мереке» , «Гүлдер» тобы «Дружба крепкая» , «Біз бақытты баламыз» әнін төгілте шырқады. Мереке бөбекжай топтарының бірлесіп көңілді флешмоб биімен аяқталды. Іс шараны ұйымдастыруға бөбекжай тәрбиешілері мен Музыка жетекшілер Жұмагул Шүкірғалиқызымен Ақгүл Жасланқызы ат салысты.Бөбекжай әдіскері Ғалия Бәйтімқызы болашақ батырларымызға арнап өз тілегін білдірді.Балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған мерекелі кеш үлкен-кішіге қуаныш пен жақсы көңіл-күй, сыйлады.
Жас балапандар – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі бүлдіршіндер ертеңгі қасиетті даламызды гүлге бөлейтін еліміздің тірегі, ата-бабамыздан қалған ұлан-байтақ жеріміздің иесі. Тəуелсіз мемлекетіміз осылар арқылы гүлденеді, осылардың көрген тәрбиесі арқылы болашағымыз ашық та, жарқын болады.