Букирова Жумагуль Молдабековна Облыс, қала, ауыл



Дата20.06.2018
өлшемі17,88 Kb.
#43702
Байқауға қатысу ұсынысы


Аты-жөні

Букирова Жумагуль Молдабековна


Облыс, қала, ауыл

Алматы облысы, Қапшағай қаласы


Білім беру ұйымы

«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақдидар» балабақшасы МКҚК


Мамандығы


Дене шынықтыру нұсқаушысы

Оқу қызметінің технологиялық картасы

Тақырыбы: Дәрумендермен дос болайық!



Білім беру саласы: Денсаулық

Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой - өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адамгершілік қасиетттерді сіңіру. Баланың ой қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері, кедергілер, музыкалық аспап, қарбыз доп.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Дәрумендердің келуі. Жұмбақтар шешу, мақал - мәтелдер айту, тақпақтар айту, би және ән.
Құрметті қонақтар, балабақша ұжымы және бүлдіршіндер! Бүгін біздің балабақшамызда «Дәрумендермен дос болайық» атты ойын-сауыққа қош келдіңіздер!

Шаттық шеңбері: 
Шуағын шашады, 
Күн шықса жиектен. 
Жылу алып нұрынан 
Денсаулықты түлеткем, 
Денсаулық - ол күлуің, 
Көңіл - күйің жадырай, 
Денсаулық - ол жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай. 

«Дені саудың – жаны сау» дейді, ол үшін не істеу керек?

-Таза жүру керек, тамақ алдында, тамақ соңында, ұйықтар кезінде жуыну керек.

- Таңертеңгілік жаттығуларды жасау керек.

Балалар жылдың әр маусымының өзіне тән қызығы бар.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Ал балалар бүгін бізге дәрумендер қонаққа келген екен.

Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар.

Олай болса ортамызға дәрумендерді шақырайық! (Осы кезде есік қағылып дәрумендер қонаққа келеді). 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе, дәрумендер! 
Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат беремін.
Ал мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады.
Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі.
Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, біз сендерге өте қажетпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін бізбен дос болыңдар.
Дәрумендер бәрі бірге тұрып айтады: сендер біз туралы не білесіңдер?

- Дәрумендер - дегеніміз не?



- Орысшасы қалай аталады?

- Дәрумен – Витамин.

- Ағылшынша қалай аталады?

- vitamin

 
Біздің балалар дәрумендер туралы тақпақ біледі. 

«Ертөстік» тобының балалары көкөністер туралы тақпақтарын айтады.

Витаминдер тұрағы-

Түрлі тағам құрамы.



А – болады асқабақ,

Өрік, қызан, салатта,

В - сы қажет жүйкеге 

В- балық, картоп, асбұршақ,

Сиыр еті жаңғақта,

Кивиге тән танылар.

Д - сүйекті нығайтар,

Д - балық майында

Е - қарақаттан табылар.
С - дан микроб безінер, 
С - апельсин, алмұртта.


Дәрумендер тірегің, 
АВСДЕ деп аласың. 
Жетіспесе бірі оның, 
Ауырып сен қаласың.


- Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет. 
«Аяла» тобының орындауында би: «Арбуз»

Олай болса балалар мен сенднрге жұмбақ жасырайын. Шешуін табыңдар.




Бұйра шашы желменен ойнап тұрады
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады. (Сәбіз).

Қалың киімді ұнатады, 
Шешіндірсең жылатады. (Пияз). 

Аласа талда алуан алма, 
Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ). 
Олай болса, балаларға көкөністер мен жемістердің суретін таратып берейік. Осы суретті әдемілеп бояп шығайық.

Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да тез орындадыңдар.

Балалар тақтадағы жемістер мен көкөністердің бірнешеуін сипаттап береді. Қазақша, орысша, ағылшынша атауларын да айтады. 
«Айзере» мектепалды тобы жеке орындауында ән: «Алтын күз»
Мақал - мәтел сайысы:
1. Ас - адамның арқауы,
2. Дені саудың - жаны сау.
3. Тазалық - денсаулық кепілі.
4. Денсаулық - зор байлық.



«Арай» тобының орындауында би: «Бағбан биі»


Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек.

Қане, барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық. 

Жалқаулықты тастаймыз, 
Жаттығуды бастаймыз. 
Шынығамыз жастай біз, 
Қиынсынып қашпаймыз. 
Иілеміз оңға бір
Иілеміз солға бір, 
Қимылдайды әр сәтте, 
Аяқ та, қолда бір, 

Ойын: Өтпелі жолдармен өтіп көкөніспен жеміс-жидектерді жинау.

Балалардың орындауында заманауи флешмоб биі.

Балаларды мақтап, мадақтау. Қатар түзеп, екі топтың балалары бір-бірімен төс қағыстырып қоштасады.


Құрметті қонақтар, балалар сонымен біздің «Дәрумендермен дос болайық» атты ойын-сауығымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет