Тақырыбы: Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы – ұлттың ұлы қазынасы
Мақсаты: батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік беру. обасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа, ұлттық дәстүрімізге бала көзқарасын қалыптастыруға, сана-сезімді биіктетуге ұмтылдыру, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Б.Момышұлы туралы тақырыптық сөре, жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарынан ұйымдастырылған көрме, презентация, слайдтар.
Іс-шара түрі: облыстық кітапханада «Бір ел, бір кітап» акциясына қатысу.
Жүргізуші: Көркем сөз – адам баласына Ұлы Жаратушыдан бұйырған сондай айрықша қасиеттердің бірі. Қазақтың әдебиеті өзінің арғы – бергі ұлы кезеңдерінде ұлт мерейін үстем етер, халқымыздың ойлау, пайымдау қабілетінің орасан кеңдігі мен ересен тереңдігін танытар жалпыадамзаттық биікке көтерілген көркем туындылар мен кемел тұлғаларға бай. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» – оның жазушылық шеберлігін халқымызға мойындатқан алғашқы шығармасы.
Басталуы:
Имаш баба 1911 жылы 92 жасында дүние салған.Момынәлі төртінші перзенті. Әжесі аққұбаша аруларды айттырам деп Момыш әкем 33 жасқа дейін бойдақ болған. Бірде той үстінде айтысып отырған қыз бен жігітті көріп, әжем оның өз баласы екенін біліп, «өзің қазанның түп күйесіндейсің, күйеге күйе жұқса не болмақ, құдайым - ау» деп баласын қуып шығыпты. 33 жасында Байтана руының Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Үш жасымда қайтыс болыпты. Шығарма осылай басталады.
Роман кейіпкерлері:
1. Имаш – Бауыржан Момышұлының атасы
2. Момыналы (Момыш) – Бауыржанның әкесі
3. Қызтумас – Бауыржанның әжесі
4.Рәзия – Бауыржанның анасы (Бауыржанның 3 жасында қайтыс болған)
5. Үбіш, Үбиан, Сәлима, Әлима – Бауыржанның апалары
6. Бауыржан Момышұлы –
7. Байтоқ – Бауыржан туылғанда Момыштан сүйінші сұраған адам
8. Момынқұл – Бауыржанның әкесі Момыштың інісі
9.Текебай – арыз жазушы, сайлауға бағын сынаушы
10. Қабылбек – Текебайдың бақталасы
11.Серкебай – Текебайдың баласы
Сұрақтар:
1. Бауыржан Момышұлы нешінші жылы дүниеге келген? (1910 жылы 24 желтоқсан)
2. Имаш бабасының Бауыржанның шілдехана тойында берген батасы?
Алатаудың қыраны мол еді-
Қырағы болсын құлыным.
Қойнауы муға мол еді-
Бұлағы болсын құлыным.
Елінің тілегі зор еді-
Шырағы болсын құлыным.
Ата тілегі оң еді –
Құмары болсын құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді,
Сыңары болсын құлыным.
3. Бауыржанның 2-3 айлығында анасы «Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді» деп Бауыржанды атасына береді. Имаш атасы қолына жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем құл болма,
Шыбық деп берсем – шіл болма.
Бәрінен де шырағым,
Баяны жоқ ұл болма.
4. Не үшін Момыш ауылы атанған? (Ағайын – туған арасындағы дау – дамай – бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген.)
5. «Молда бала», «Ұста бала», «Қара қатпа», «Тарамыс» кімнің аты? (Бауыржанның әкесі Момыштың)
6. Бақалшылар кімдер? (Ауыл аралап айна –тарақ, мәмпәси – тәттілер, алма – өрік сатушылар)
7.Бауыржан Момышұлы балалық кезден қай кезде қорыққандарын жазады? (Әлиман әпкесінің ескі – құсқы киімдерден қора жасап қамап қойғаны, әкесінің кенже інісінің оң алақанына тік тұрғызуы, атасының тымағына салып, керегеге іліп қоюы, әкесінің ат үстінде алдына отырғанда)
8.«Ұшқан ұя» романының тәрбиелік мәні қандай?
Үлкендерге үнемі сәлем беру, үйге сәлем беріп кіру
Жеті атасын білуге үйрету
Баланы ертегі айтып өсіру
9. «Ұшқан ұядағы» жылы сезім, шуақты көңілдің нұрынан жаралған образ деп кімнің образын айтамыз? (Әжесі Қызтумастың)
«Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, характерінің жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы әже. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шыңдалған даналық ұғымдарын, ізгі салт, дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрпақтарды өз төңірегіне, әсіресе сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана»
Жайна:«Ұшқан ұя» туралы ой
Бауыржан Момышұлының тұлғалық болмысы халықтық педагогика негізінде дамытылып, патриоттық тәрбиені саналы меңгеруден тұрады. Бауыржан Момышұлына алдымен тұлға ретінде қалыптасу үшін әсер еткен басты фактор - өзінің түлеп ұшқан ұясы. Сондықтан да, Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы негізінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктер қарымды қаламгердің «Ұшқан ұя» еңбегінде кеңінен қамтылған. Өйткені, шығармадағы күллі дүние батырдың қабылдауы, сезім-түйсігі арқылы өтеді. Бұған қоса, повесте автордың балалық шағы қамтылады, демек, онда Бауыржан Момышұлының қалыптасу, шығармашылық процесі көрініс тапқан.
Ақерке: «Ұшқан ұя» туралы ой
Белгілі ғалым-сыншы М.Қаратаев сөзімен келтірсек: «Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен, тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. «Ұшқан ұяда» Бауыржан Момышұлының өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түпкіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдң ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. «Ұшқан ұяны» қызығып оқисың, сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің» [1, 339-340]. Біздіңше, бұл тұжырым –көрнекті туындылардың бірі «Ұшқан ұяға» берілген әділ баға.
Жансая:«Ұшқан ұя» туралы ой
Аталмыш шығармада Бауыржан Момышұлы өз ортасынан алған тәрбиесін өзіне ғана тән көркемдік дәлдікпен суреттеген. Бұл шығарманы оңтүстік қазақтары туралы нағыз этнографиялық шығарма десек артық айтпаймыз. Өзге жұрт, кейінгі ұрпақ қазақ халқының бай салт-дәстүрін «Абай жолынан» оқып-білгендігі анық. Алайда бұған қоса «Ұшқан ұяны» оқыған адамның қазақ туралы пайымы одан да нақтылана түсетіні ақиқат. Жазушы «Ұшқан ұя» шығармасында балалық шағында, көрген куә болған, есте қалған оқиғалар арқылы жалпы сол тұстағы әлеуметтік кезеңді, қоғамдық өмірді суреттеу мәселелерін басты міндет етіп қояды. Қаламгер өзінің ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін еркін әңгімелейді.
Іңкәр:«Ұшқан ұя» туралы ой
Повесте қазақ ауылының көрінісі байыпты да терең бейнеленеді. Шығармада кеңестік идеологияның ыңғайына бейімделген, идея үшін боямаланған, қазақ өміріне қисынсыз келетін, ойдан қрастырылған оқиғалар кездеспейді. Өткен оқиғаларды әңгімелейтін шығарманың құндылығы да, өміршеңдігі де тарихи шындықтан, тарихи оқиғалардан алшақ кетпеуінде десек, Бауыржан Момышұлы да өзі өмір сүрген дәуірді шыншыл суреттеп, бастан өткенді ой елегінен өткізіп, өмір сыйлаған қуанышты, қиындықтарды шыншылдықпен жаза алды.
«Ұшқан ұя» повесі қамтитын уақыт кезеңі – Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары. Повесте сол замандағы қазақтардың экономикалық өмірі, оның ерекшелігі және ағайыншылықпен бүркемеленген малдының малсызды қанау тәсілі айқын көрсетілген. «Ал тақыр кедейлер байлардан күш-көлік, киім-кешек, тамақ алып дән сепсе, өз жерінің өніміне өзі қожа бола алмай түсімнің төрттен бірін ғана иемденіп жүрді.
Ақмарал Ұ:«Ұшқан ұя» туралы ой
Көшпелі тірліктің көлемі тарылып, ауқымы азая бастаған сайын егішілік ұлғая берді. Малды ауыл қыс бойы Қаратаудың ар жағын жайлап, ерте көктемде елге оралар еді. Сөйтіп кедейлерге қос беретінді шығарды» [2, 44]. Автор қазақтардың өміріндегі үлкен бетбұрыстың басталуын, атап айтқанда, егіншілікке, отырықшылыққа бірте-бірте көшуді суреттейді. Жазушы нақты материал арқылы қарапайым еңбек адамдарының қарым-қатынастарында туған қазақ және орыс халықтарының достығын көрсетеді.
Айжан Қ:«Ұшқан ұя» туралы ой
«Ұшқан ұядағы» жылы сезім, шуақты көңілдің нұрынан жаралған образ деп, Бауыржан Момышұлының әжесі Қызтумастың образын айтамыз. Бауыржанның әжесі айнала ортаның, ащы өмірдің, қатал тағдырдың азап, зардабының бәрін бастан кешсе де соған төтеп берген, бойына дарытпаған ақылды, қайсар, саналы да саялы әзиз ананың образы болып шыққан дей келіп, ғалым-сыншы әжесінің немересіне дарытқан асыл қасиеттеріне былай тұжырым жасайды: «Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, характерінің жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы әже. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шыңдалған даналық ұғымдарын, ізгі салт, дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрпақтарды өз төңірегіне, әсіресе сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана»
Бибігул: «Ұшқан ұя» туралы ой
Бауыржан Момышұлы өз өмірбаянын өзі жазып кеткен адам. Сондықтанда біз автордың өз шығармаларына сүйене отырып батырдың ғұмырнамасы мен шығармашылық жолын және өскен ортасын, алған тәрбиесін көрсетуге тырыстық.
Бауыржан Момышұлының айтулы шығармаларында көненің көзіндей болып әдет-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз жазылып тұр. Әрине, Бауыржан Момышұлы өз жанынан әдет-ғұрыпты ойлап шығарған жоқ. Халық арасында қолданғандарын екшеп алған. Алғанда, жай ала салмаған. Оларды өз шығармаларында тайға таңба басқандай етіп қалдырған. Сондықтан да Бауыржан Момышұлы туралы жазылған өзгелердің де, өз туындыларында да оның адамдық болмысы қазақ халқының ұлттық болмысымен бірігіп астасып жатады.
Назерке: «Ұшқан ұя» туралы ой
Ойымызды түйіндесек, Бауыржан Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі, жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын, оның қандайын болса да, жеңе білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі
Имаш-Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
Қызтумас –әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
Момыналы –Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.
Рәзия –Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.
Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.
Үбіш –Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.
Серкебай –әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.
Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.
Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.
Повестегі тарихи оқиғалар
1916 жылы – ұлт - азаттық көтеріліс жылы
1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы","ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады. Жаңаша жер бөліс орнады. Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады. Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді.
Достарыңызбен бөлісу: |