Бұл кезде уақыт диаграммасында бірінші кадр кілттік болып белгіленеді (қара нүктемен).
Көрсеткіш (Указатель) құралы арқылы шарды ерекшелеп бас менюдегі Изменить ► Группировать командасы арқылы біріктіріңіз (бір бүтінге біріктіріңіз). Нәтижесінде шар ашық көк түсті жиектемеде қоршаулы қалады:
Уақыт диаграммасындағы анимацияның соңғы кадры болатын ұяшығында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз (мысалы, 36-шы) және жанама менюден Кілттік калрды кірістіру (Вставить ключевой кадр - Insert Keyframe): командасын таңдаңыз:
Нәтижесінде алғашқы және соңғы кілттік кадрлар аралығы біркелкі түсті (ашық-сұр) жай кадрлар ұяшықтарымен толықтырлады:
Бірінші кілттік кадр ұяшығында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз. Бұл бір уақытта екі амалды орындауға әкеліп соқтырады: шар кескіні бастапқы позициясына жылжиды және қасиеттер инспекторы панелінің форматы өзгереді. Онда таңдалған (алғашқы) кадр параметрлері көрсетіледі: