Тақырыбы: Бейнелерді редактрлеудегі базалық операциялар. «Arrow Tool (Көрсеткіш)» аспаптары. «Lasso (Лассо) және Line (Сызық)» аспаптары. Мақсаты: Ерекшелеу мен сурет салу «Arrow Tool (Көрсеткіш)», «Lasso



бет2/9
Дата11.11.2022
өлшемі495,22 Kb.
#157827
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
МакромедиаФлеш тәжір сабактар

Толтыру түсі:

Оранж  __

Штрих биіктігі:

4

Штрих стилі:

Үзілісті



  1. Суретке тағы да бір дөңгелек бейнесін қосыңыздар



  1. Аспаптар панелінен Көрсеткіш   аспабын таңдаңыздар. Көрсеткішпен оранж дөңгелегін ерекшелеңіздер. Ол үшін төмендегі іс-әрекеттің біреуін орындаңыздар:

    • нысанның ішінде тышқанды екі рет шертіңіздер;

    • тышқанның көрсеткішін нысанның сыртына орнатыңыздар және нысан толығымен қоршалған тіктөртбұрыштың ішінде болатындай етіп тышқанды шертіңіздер.

Ерекшеленген нысан ұсақ торлармен қапталған болып көрінеді, ал контур кәдімгі күйден қалыңырақ болады.




  1. Ерекшеленген бейнені Түзету ►Көшіру командасы арқылы көшіріңіздер(+), соңынан Түзету ►Қою командасы арқылы қайталап қойыңыздар(+). Ерекшелеуді алып тастамай Көрсеткіш аспабы арқылы қойылған бейненінің орнын ауыстырыңыздар.



Үшінші дөңгелектің ерекшелеуін алып тастамай, Параметрлер палитрасынына орнатыңыздар:

Штрих түсі:

Фиолетовый __

Толтыру түсі:

Сары  __

Штрих биіктігі:

10

Штрих стилі:

Көп нүкте


Ерекшелеуді алып тастап, мынадай бейнелерді аламыз:


  1. Осылайша үш тіктөртбұрыштың суретін қосыңыздар. Тіктөртбұрышты құру үшін Тіктөртбұрыш  аспабы қолданылады:





  1. Аспаптар панелінен Көрсеткіш аспабын таңдаңыздар.
    Осы аспаппен дөңгелектердің біреуінің ортасынан шертіңіздер. Нәтижесінде осы фигураның бояуы(заливкасы) ғана ерекшеленеді:


Осы аспаппен ерекшеленген бояуды шетке қарай орналастырыңыздар:

Аспаптар панелінен Бояу шелегі(Ведро краски) аспабын таңдаңыздар.
Параметрлер палитрасына орнатыңыздар: бояу түсі- жасыл  .
Бояу мен контур арасындағы бос облысқа құйыңыздар:

Тағы Көрсеткіш аспабын таңдаңыздар және контур бейнесінде екі рет шертіңіздер. Нәтижесінде тек контур ғана ерекшеленеді:

Пернетақтадан Delete пернесін басыңыздар. Нәтижесінде суреттен ерекшеленген контур өшіріледі:


  1. Аспаптар панелінен Көрсеткіш аспабын таңдаңыз. Осы аспаппен дөңгелектердің біреуінің контурынан бір рет шертіңіздер. Нәтижесінде осы фигураның контуры ғана ерекшеленеді:


Осы аспаппен ерекшеленген контурды шетке қарай орналастырыңыздар:

Аспаптар панелінен Бояу шелегі(Ведро краски)  аспабын таңдаңыздар.
Параметрлер палитрасына орнатыңыздар: бояу түсі- көк .
Бояу мен контур арасындағы бос облысқа құйыңыздар:

Тағы Көрсеткіш аспабын таңдаңыздар және бояу бейнесінде екі рет шертіңіздер. Нәтижесінде осы облыс ерекшеленеді:



Пернетақтадан Delete пернесін басыңыздар. Нәтижесінде суреттен ерекшеленген бояу бөлігі өшіріледі:


  1. Аспаптар панелінен Көрсеткіш аспабын таңдаңыздар.
    Тышқан көрсеткішін дөңгелектің біреуінің контурының шекарасына апарыңыздар. Көрсеткіштің қасында кішкене доға пайда болады, ол көрсеткіштің объектінің жұмысқа дайындығын білдіреді:

Тышқанның сол жақ пернесін басыңыздар, және жібермей дөңгелек формасын өзгертіңіздер:
Тышқанның сол жақ пернесін жіберіңіздер, сол кезде объект формасын өзгертеді:


  1. Аспаптар панелінен Көрсеткіш аспабын таңдаңыздар.
    Тышқан көрсеткішін тіктөртбұрыштың біреуінің бұрышына апарыңыздар. Көрсеткіштің қасында кішкене бұрыш пайда болады, ол көрсеткіштің объектінің жұмысқа дайындығын білдіреді:

Тышқанның сол жақ пернесін басыңыздар, және жібермей тіктөртбұрыш формасын өзгертіңіздер:
Тышқанның сол жақ пернесін жіберіңіздер, сол кезде объект формасын өзгертеді:
Объектінің формасын шамамен төмендегі суреттегідей етіп өзгертіңіздер:


  1. Аспаптар панелінен Көрсеткіш аспабын таңдаңыздар. Тіктөртбұрыштың біреуінің оң жақ шекарасында бір рет шертіңіздер, бұл осы шекараны ерекшелейді:

Осы аспаппен ерекшеленген контурды шамалы сол жаққа жылжытыңыздар:
Тіктөртбұрыштың басқа шекарасына да осы жұмысты қайталаңыздар:
Объектінің формасын шамамен төмендегі суреттегідей етіп өзгертіңіздер:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет