Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім » Білімділік мақсаты



Дата09.06.2018
өлшемі46 Kb.
#42196
Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім...»

Білімділік мақсаты: Оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге,поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірінен шығармашылыққа шыңдау, өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды болашаққа деген сенімге баулу, өз ұлтын, Отанын,елін, туған жерін, отбасын сүюге, тіл,сөз өнерін және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Сөйлеу тілдерін жетілдіру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу, сезімдерін ояту, шығармаларының музыкамен үндесу ерекшелігін түсіндіру, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау,ауызша да, жазбаша да еркін,шешен,көркем сөйлеуге үйрету.

Мұғалім сөзі:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен

Абай болып табынсам бір кісіге

Абай болып түңілем бір кісіден, – деп Абайша жырлаған ақиық ақын, поэзияның падишасы, қазақ халқының біртуар азаматы – Ұлы Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев небәрі 45-ақ жыл өмір сүрді. Өртке тиген дауылдай өжет өлеңдерімен артына өшпес із қалдырды. Тірі болса бүгін 80 жасқа жеткен болар еді. Әттең қамшының сабындай қысқа ғұмыр-ай...

Мұқалидың суреті, жанды дауысы

Гүлсая: Мұқағали Мақатаев мәңгі есімізде

Айдана : «Есіңе мені алғайсың...» әні



Гүлсая: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Бүгін менің туған күнім...» атты ашық тәрбие сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі өнеге сағатымыз үш бөлімнен тұрады.

1– бөлім. «Айтылар естеліктер мен туралы...»

2– бөлім. «Қара өлең қасиетіңнен айналайын...»

3– бөлім. «Аққулар ұйықтағанда » атты сахна көрініс.

Т.Нәзерке

Айдана

Марғұлан:

Құрметті қонақтар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай , өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.



Гүлсая:

Ия, Мұқағали – ғажайып ақиық ақын, сыршыл гуманист ақын. Ол – бізге көрінбейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігін көңілге ұялайды. Хантәңірінің биік шоқтығындай болған Мұқағали аға, жатқан жеріңнен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал,арамызда бол.



Мұқағалиға арнау Анель

Марғұлан:

Мұқағали аға! Бүгінгі кешке өзіңіз жайлы сыр ашып, ой толғайтын, жамандықтан арашалайтын «Менің Мұқағалиым» деп өзгелерден өзіңізді, поэзияңызды ерекше бағалайтын ұрпақтарыңыз бас қосуда.



Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Mен сені, сезесің бе?

Неге іздедім?

Сені іздедім тағат бар ма?

Сені маған егіз қып жаратқан ба? -дейтін Мұқағали біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.

Анар: « Поэзия»

Марғұлан: « Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес,Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы- болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазына»- деп Зейнолла Серікқалиев айтқандай, кәне, оқушыларымыздың Мұқағали поэзиясымен, рухымен сырласуының куәгері болайық! Ендеше, балалар, «Мұқағали әлеміне саяхат» жасап көрелік.

Сұлтан:

М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданында Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен сол өңірдегі тұңғыш колхозды ұйымдастырушылардың бірі. Сұрапыл соғыс кезінде өзі сұранып майданға аттанып , Калининград майданында қаза табады. Анасына үш баланы өсіру оңайға түспейді. Соғыс кезіндегі баланың тағдыры секілді ақынның да тағдыры ауыр болады. Құрбылары секілді ерте есейіп , еңбекке араласады. Алдымен ауыл советінің хатшысы қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері , жеті жылдық мұғалімі болып істейді.



Таңшолпан: Мұқағали поэзияға қалай келді? Мұқағали өзінің естелігінде мені жырға, сөзге үйір еткен, халықты сүюге тәрбиелеген – әжем дейді. Әжесі Тиын өте өжет, батыл, сөзге шебер ақынжанды кісі болған. Әжесінің бойындағы асыл қасиеттер Мұқағали бойынан табыла білген. Сонымен Мұқағали 60- жылдарда Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде қызметін бастап, кейін «Жұлдыз» журналында жалғастырады. 1962 жылдан ақынның поэзияға келу жолы басталады.

Анар: Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия. Ақын қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал жеріне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық боп өссе керек. Алған әсерін өлеңдеріне өре білген.

Қазақша би Т.Назерке

Марғұлан: Сірә, Мұқағали «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты. Оны «Елім барда» өлеңінен байқайық.

Н.Назерке

Гүлсая: Әрбір ақын, әрбір жазушы өлмес,өшпес мәңгілік тақырыпты сырт айналып өтпеген шығар. Мұқағали да осы мәңгілік махаббат тақырыбына молынан қалам тартқан. Бұған тек мұңнан тізілген моншақты жырлары ғана емес «Қош махаббат» драмасы, «Махаббат диалогы» дәлел бола алады.

«Махаббат диалогы»

Марғұлан: Ақынның күнделігінен өмірінің соңғы кездерінде қайта-қайта ауруханаға түсе бергенін білеміз. Өмір бойы «Поэзия –мен үшін жанымның шырылы» деп шырқырап өткен ақынның өмірінің соңғы жылдары ол аман, жұрт тынышта құғын-сүргінмен өтеді. Соның нәтіжесінде жүрек ауруына шалдығады.

Мейрамбек «Емханада»

Н.Назерке «Өкінбеймін»

Асыл «Құлыным»

Сұлтан «Үш бақытым»

Таңшолпан «Бесік басында»

Н.Назерке «Армысыңдар адамдар»

Әділ «Мектебім»

Күй Анель және Дина



Икрамбек «Анау -аспан,мынау-бақ»

Алуа «Көнеміз бе»

Марғұлан «Мен өзіңмін»

Гүлсая «Сен әлі тірі ме едің?»

Анар «Қайран Қарасазым-ай»

Айжан «Ақ кемешек»

Дина «Еш нәрсенің керегі жоқ»

Амангүл «Әке»

Би

Гүлсая: М.Мақатаев –драматург, сатирик, публицист, жазушы, ұстаз, журналист.Оның «Армысыңдар достар»,»Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Дариға жүрек», «Өмір-дастан», «Өмір-өзен» т.б. көптеген өлеңдер жинағы бар. Аудармашылық –М.Мақатаевтың ақындық өнерінің бір қыры. Орыс тілінен қазақ тіліне көптеген өлеңдер аударды.

ән Айдана («Сарыжайлау»)



Марғұлан: Ақын поэзия әлеміне көптеген поэмалар тудырды. Солардың бірі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Оқушыларымыз осы шығармадан көрініс ұйымдастырған соны тамашалайық. сахналық көрініс

Анасы- Таңшолпан

Әкесі- Асыл

Баласы- Мейрамбек

Тәуіп- Назерке

Аңшы- Әділ

Автор- Айжан : Аққулар- Н.Назерке
Каталог: uploads -> doc -> 003b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
003b -> 1. Арқаның атақтысы – Ақан (Топтастыру) Салыстыру Семантикалық карта


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет