Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар): Білу (еске түсіру): Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациялау, математикалық объектілерді танып білу. Ақпараттарды дәстүрлі қалыпта қабылдау; белгілі деректерді, стандартты тәсілдерді және әдістерді тікелей қолдану; таныс алгоритмдерді пайдалану; Қолдану (байланыстарды орнату):Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу. Ақпараттың бір түрінен келесісіне ауысу; тапсырманы шешуге арналған әртүрлі әдістерді қолдану; алынған шешімді интерпретациялау; Ойлау (пайымдау, тұжырымдау):Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу. Күрделі мәселелер; ойлау және интуиция; шығармашылық тұрғыдан келу; шешу амалын өңдеу; қамту; негіздеу.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады : 1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады. 2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі. 3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды. 4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі. 5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін: - теорияны білу , оны логикамен ұштастыру - есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу -математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен байланыстыру, - ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да артады.