Тақырыбы: «Білім беру моделі-оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту негіздері»



бет1/8
Дата27.10.2022
өлшемі4,79 Mb.
#155132
  1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыбы: «Білім беру моделі-оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту негіздері»

  • Математика пәні мұғалімі Айтимова Г.С
  • «Алақан» жаттығуы
  • Парақшаларға
  • алақандарыңызды қойып,
  • суретін сызып алып, шыққан
  • алақанның бейнесіндегі әр саусақ
  • ішіне «Бүгінгі баяндамадан мен
  • не үйренемін (не күтемін)?»
  • сұрағына 2-3 минутта
  • жауап жазыңыздар.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Ұлттық жоспарда Қазақстан мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалды.

Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – оқушылардың шығармашылығын, өзін- өзі дамыту тетіктерін ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Оқушы алған білімін өмірде өз қажеттілігіне пайдалана алмаса, онда оның бойындағы бар білімі керексіз жүк болып қалады. Осындай мәселерді шешу үшін оқушының оқу сауаттылығын, ғылыми жаратылыстану және математикалық сауаттылығын дамытуға және қалыптастыруға бағытталған. Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет