Тақырыбы: «Білім беру моделі-оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту негіздері»



бет6/8
Дата27.10.2022
өлшемі4,79 Mb.
#155132
1   2   3   4   5   6   7   8

Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу - ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол, оқушы: • мақсат қоюға үйренеді; • есте сақтау қабілеттері дамиды; • басқалармен бірігіп жұмыс жасайды; • кітаппен жұмыс жасауға үйренеді; • қатарынан қалмауға тырысады; • дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі; • әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады. • күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады. • білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді • өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

Мұғалім: - жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; - оқушыны жан-жақты танып біледі; - қарым қатынас орнатады; - оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады; - оларға шығармашылық еркіндік беріледі.

Функционалды сауатты тұлға - қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп, кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Ұлттық этнопедагогика арқылы қалыптасқан функционалдық сауаттылық дегеніміз – өз елінің, жерінің тарихын, салт-дәстүрін, ана тілін жетік білетін және өмірде қолданысқа енгізіп пайдана білу.

Этнопедагогика адамды әлеуметтік топтың әдет-ғұрпына, дәстүр-салтына бейімделуге, соның талабына сай өзін ұқсата білуге баулиды, әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының тәлімдік және құндылық маңызын зерттейді, адам тәрбиелеудегі ұлттың өркениетті жетістіктерінтұжырымдайды. Этнопедагогика ел егемендігін нығайтатын ізденіс іс-әрекетті іріктейді. Оның басты жолы – адамның ар-намысын таптайтын, күш-жігерін қорлайтын қимыл-әрекетті әшкерелеу. Мақсаты – әрбір халық болмысын, оның өмір сүру тәсілін, тұтас қарастыру. Этнопедагогика елдік пен ерлікті, еркіндік пен есеюшілікті қалыптастыру, үйлестіру үшін, басқа ұлттармен терезесі тең білімді ұрпақ тәрбиелеуде маңызды.

Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен пәндік, функционалдық сауаттылығын дамытуға болады. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп, тұрмыс тіршілікке қажет экономикалық есептерді шығаруға жаттықтырудың маңызы зор. Осыған орай биылғы жылы облысымызда «Біздің айналамыздағы математика» атты жоба қолға алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет