Абдрахманова Тұмар Ақылбайқызы
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы
«Амангелді орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Әліппе.
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ч дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Дыбыстық талдау жасау арқылы дыбыс түрлерін қайталау. Сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: ч дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта, кеспе әріптер, оқулық, ойындар, көкөніс муляждары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!
-Осы қуаныш сезімімізбен сабағымызды бастайық.
Ойын. « Қоржындағы қандай зат?» ойыны арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. (көкөніс муляждары)
а) Білімдерін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру.
1 -Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
2 -Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?
3 -Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
4 -Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Ол қандай дыбыс?
5 -Э дыбысына байланысты қандай сөздер білесің?
6 -Э дыбысына берілген мәтіннің бір сөйлемін оқы.
7 -Э дыбысына берілген мәтіннің бір сөйлемін оқы.
8 -Э дыбысына берілген мәтіннің бір сөйлемін оқы.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды ч дыбысымен таныстыру.
Ч дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.
Ч дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ч дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Чемодан сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Электронды оқулықпен жұмыс. ( слайд)
Мынау чемодан. Чемодан туралы электронды оқулықтан тыңдату.
Осы чемодан сөзі қандай дыбыстан басталады? Білесің бе?
Бірге айтайық. Ч – Ч – Ч.
Чч – мынау ч дыбысының таңбасы. Баспа түрі Ч дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. Ол тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. Сөздерді мұқият тыңда. Ч дыбысы бар сөздерді есіңде сақта!
Сергіту сәті: (слайд)
Орнымыздан тұрайық,
Әріптер сырын ұғайық.
А дегенде отырып,
Б дегенде тұрайық.
А ,Б,
А, Б.
«Кім тапқыр?» ойыны. (слайд)
(Суреттерге назар аударып, атауында ч дыбысы бар суреттерді көрсет)
Дәптермен жұмыс. (слайд)
а) Ч дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.
ә) Ч әріпін ауада жазып көрсету.
б) Ч әріпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу.
Ч әрпін әдемі жазып үйренейік. Ч әрпінің бас әрпі мен кіші әріптерінің жазылуын Э.О.-тан тыңдату.
Сергіту сәті:
Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
Оқулықпен жұмыс.
а) оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу. Астындағы сөздерді қолданып, әңгіме құрату
«Ойлайық та, ойнайық!» (-слайд)
(«Пошташы» өлеңін оқып, есте сақтап, жатқа айту.)
Почташы, почташы,
Біздің үйге тоқташы.
Бар бала сүйіп оқитын,
Бар ма сенде
«Балдырған»?
Сабақты қорыту.
-Сонымен, бүгінгі сабақта қандай жаңа дыбыспен таныстық? (Ч)
-Ч дыбысы қандай дыбыс?(дауыссыз)
Дыбыстарды дауысты және дауыссызға ажыратып, тиісті киіз үйге апар.
-Ч дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді?(сөз басында, ортасында)
-Ч дыбысы бар сөздерге мысал келтіру. (чек, чемпион, чемодан, почта)
-Кеспе әріптерден сөздер жазғызу.
Шығармашылық тапсырма.
-Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Оқушыларды бағалау. Бағаларын түсіндіру.
5 – жұлдызша
4 – төртбұрыш
Қорғалжын білім бөлімі
Әліппе
1-сынып
Ч дыбысы мен әрпі
Абдрахманова Т.А.
Амангелді орта мектебі
2013 – 2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |