Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы



бет1/4
Дата13.11.2016
өлшемі1,12 Mb.
#1624
түріСабақ
  1   2   3   4
Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:20.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы .

Мақсаты: й, и әріптерінің жазылуын меңгере отырып, жаттығулар орындау. Білімін, сауаттылығын дамыту.

Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: плакат.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

49 жаттығу «Аққу-келі құс» тақырыбына құрап келген әңгімелерін оқыту.


ІІІ .Өткенді қорыту.

Сөздік диктант .Киік, сиыр, тиін, киім , жидек.


ҮІ. Мақсат қою:

Тақырыбы мен мақсаты. й, и әріптерінің жазылуын меңгере отырып, жаттығулар орындау. Білімін, сауаттылығын дамыту.

Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ү. Жаңа сабақ:

Күн ретін жазу

Дүйсенбі

Сейсенбі


Сәрсенбі

Бейсенбі


Жұма

Сенбі


Жексенбі

Көркем жазу.

Пп Пп Пп Піл піл піл. И дауысты , Й – дауыссыз екенін түсіндіру.Й әрпі дауыстыдан соң жазылады. Мойын, ай, қайыс.
42-жаттығу. Суреттерге қарап аттарын жазу.

Егеу құйрық,сиыр,тиын, инелік . И әрпінің астын сыздыру. Бұл сөздердегі и дыбысының аитылуына назар аударту.


43-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаздыру. И қандай дыбыс.

Жи-ыр-ма, жи-на-лыс, и-не, би-ік, ки-із, жи-ек.

И әрпінің қандай әріптердің орныныа қолданылатынын айту. Жиек сөзінің мағынасын түсіндіру.
ЕРЕЖЕ: И дыбысының алдында ы,і естілгенімен, олар жазылмайды: киім, сирек.
Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.
ҮІ .Түсінгендерін тексеру.

Өздік жұмыс.44-жаттығу жатқа жазу и,й астын сыздыру, айтылуы мен жазылуын салыстыру.


ҮІІ. Бекіту.Ойын

«Кім жылдам» сөздер табу, дәлелдеу. 46-жаттығу.

Бос торкөзднрді и дыбысынан басталатын сөздермен толтыру. Сөздерде и әрпі жазылатынын дәлелдеу.

ИЕ

ИНЕ



ИРЕК

ИБАЛЫ


ИНЕЛІК

ИНЖЕНЕР


ИНАБАТТЫ
ҮІІІ. Үйге тапсырма:

45–жаттығу.


Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің емлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: и және йәріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету;олардың дауысты не дауыссыз екенін ажырата білу;

Дамытушылық:сауаттылықтарын арттыру; сауатты жазуға үйрету;

Тәрбиелік мәні:әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,жаттығу, талдау.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,математика.

Көрнекілік:суреттер.
Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын түгелдей сабаққа аудару.

А)Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

45 жаттығу 18 бет.

Диірменге бидай тартып,ұн алдық.

Су жиектен аса тасыды.

Балалар тəрбиешіні ұйып тыңдады.

Ереже жаттау.


ІІІ..Қызығушылығын ояту.

«Кім шапшаң?» ойыны.

Ойын шарты: мұғалім сөз айтады да допты лақтырады, қағып алған оқушы сол сөзді буынға бөледі де доптықайтарады.
ІҮ. .Мағынаны тану.

А)дәптермен жұмыс

Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.

Дыбыс: И,й

Сол дыбысқа байланысты сөз жасау.

Киім


Ауызша сол сөзге дыбыстық талдау жасату.

47-жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқып ,алдыңғы сабақта танысқан ережені талқылаймыз.


Ереже:

И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, ит, Иса; й әрпі дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай, қайыс.


Осы ережеге бағынбайтын бірқатар сөздер бар екен.Олар өлең жолындағы сыйымдық,сыйладық сөздері.
48-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Дауысты и-дің астын – бір, дауыссыз й-дің астын екі рет сыз. Иір мүйіз дегенді қалай түсінесің?

Ай, ай, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.


Ә)оқулықпен жұмыс
49-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз. Шешуін тап.

1.Ине бел, қылқа мойын қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. /Айыр/

2.Жүз төрт түйме,

Он бір ине  /Есепшот/
Сергіту сәті.

51-жаттығу. «Тиіндер» тақырыбына әңгіме құра


Ү. Қорытындылау

Бос торкөзднрді и дыбысынан басталатын сөздермен толтыру. Сөздерде и әрпі жазылатынын дәлелдеу.


ҮІ. Үйге тапсырма: 

50-жаттығу, 20 бет. Ереже жаттау.


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:22.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сый , тый және бұлардан тараған сөздер

Сабақтың мақсаты: Сый , тый сөздерінің жазылуына мән беру. Сол сөздерді есте сақтау, ұқыпты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,жаттығу, талдау.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,математика.


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырасын тексеру

50-жаттығу ТИІНДЕР (әңгіме құрау)


ІІІ. Жаңа сабақ

Сый , тый сөздерінің жазылуы . Сый , тый сөздерінің жазылуына мән беру. Сол сөздерді есте сақтау, ұқыпты жазуға дағдыландыру.


52-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған оқып, түсіндіру)

Сыйға-сый

Ара тынбайды,

Ұшып, зырлайды.

Шарлап қырларға,

Шырын жинайды.

Гүлдер өсірсең,

Балғын сыйлайды.


ЕРЕЖЕ.

Сый, тый және бұлардан тараған сөздерге тек ый жалғанады: сый, сыйлық; тый, тыйым.


53-жаттығу (сөздерді көшіріп жазу, жазылуын есте сақтау)

СЫЙ, СЫЙЛЫҚ, СЫЙЛЫ.

СЫЙ,

ТЫЙ, ТЫЙЫМ, ТЫЙЫМДЫ.


54-жаттығу (берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)

ІҮ. Сабақты қорытындылаау

55-жаттығу (көп нүктенің орнына и, ый –дың тиістісін қойып көшіріп жазу)

ОЛ МАҒАН КІТАП СЫЙЛАДЫ.

СИЫР ӨРІСТЕН ҚАЙТТЫ.

МҰРАТ ДОМБЫРАҒА ТИЕК ЖАСАДЫ.

АТАМ ҚАНАТҚА ЖАМАН СӨЗ АЙТУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ.

Ү. Үйге тапсырма беру

56-жаттығу «Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:16.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қуаныш»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Мақсат қою, тақырыбын  хабарлау

Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Адамгершілікке тәрбиелеу.


ІІІ .Мазмұндама «Қуаныш»

1. Мәтінді оқып талдау.

                                                           Қуаныш

Көктем шығысымен Анар есігінің  алдына гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әкесімен бірге ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екендігі есіне түсті. Анасына тапсырмағанына өкінді.  Өзі барғанша гүлдер солып қалатын шығар деп  уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай  4-5 күннен соң өз үйіне қайтып оралды.

Келсе гүлі де, көшеттері де  аман екен. Жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, анасы су құйып, күтімге алып  жүріпті. Оны көрген Анар қатты қуанды. 
2. Тірек сөздер.Солып қалатын уайымдаумен болды. Көшеттері.3. Жоспар құру
ІҮ. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:23.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Диктант « Мақтаншақ».

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру; сауатты , көркем жазуға баулу; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Диктанттар жинағы

Әдісі:сұрақ-жауап, өзіндік

Түрі: бағалау
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант.

Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру; сауатты , көркем жазуға баулу; ұқыптылыққа тәрбиелеу.


ІІІ. Білімдерін тексеру.

1) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Сөйлем неден басталады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?
2) Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
3)Ерекше сөздерді 3 рет қайталап оқиды.
Тапсырма:

Мәтінде неше сөйлем бар.

Үшінші сөйлемдегі дауысты дыбыстардың астын сыз.
ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:19.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Абай Құнанбаев.Күз.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қара сөздерімен таныстыру.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ақылшым-мұғалім өлеңін жатқа айту
ІҮ. Жаңа сабақ

А) Кіріспе. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845 жылы тамыздың 10 - шы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында Қарабұлақ деген жерде дүниеге келген.

*Қай өңірінде туған ? Қандай ақын? Шығармалары Әкесі...... Шешесі..... Әжесі......

"Күз" өлеңін мәнерлеп оқып беру, сұраққа жауап алу: Абайдың «Күзі» сендерге қандай көңіл күй туғызды? Неліктен? Осы өлеңінде бейнеленген түс қандай деп ойлайсың?

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Бүлдіргені көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Ү. Дәптермен жұмыс:

өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазу.

Жапырақтарынан айырылған ағаш

Сұр бұлт түсі

Дымқыл тұман

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ

Оқулықпен жұмыс

Іштей оқыту, тізбектеп оқыту, қатар бойынша оқыту

Оқушыларға оқытып мазмұнын айтқызу.

Күздің суретін салғызу.

Абай – лирик ақын. Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай атамыз табиғатты жырлаған.

Күз. Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылық болады. Аспанды бұлт торлап, төңіректің бәрі жазғы түрінен, әсем көркінен айырылады. Топ - топ болып құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырға қосады:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.

Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Көркем сөзді тауып жазу.

... ағаш (жапырағынан айырылған)... шөп жоқ (жасыл)

... бұлт (сұр)... тұман (дымқыл)

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – дей келе Абай әндерін ортаға салайық.

Ән «Көзімнің қарасы» (оқушының орындауында)

Абайдың 38 - ші қара сөзінен.

Адам баласын қорп қылатын үш нәрсе бар. Ол надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық.

Надандық – ғылым - білімнің жоқтығы.

Еріншектік – хайуандық.

Залымдық – адам баласының дұшпаны.

«Күз» эссе жазу. Оқушыларды бағалау. Мадақтау.
ҮІ.. Сабақты қорытындылау.

Абай ата ағашы

6. Оқушыларды бағалау және мадақтау

7. Үйге тапсырма

а) Еңбек жайлы мақал - мәтел жазу, жаттау.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.

б) Жемістер, бақша өсімдіктерінің, дәнді дақылдардың суретін салу
ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Абай Құнанбаев мәлімет жинау. Күз жаттау


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:20.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Ұнатам күзді мен.Жеңіс Қашқынов

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға берекелі күз туралы,күз байлығын таныту;күздегі табиғат құбылыстары, адам, жан-жануарлар тіршілігі туралы көркем сөйлей алу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту;

Еңбек адамдарын құрметтей білуге,еңбекпен келген асты қадірлей білуге ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Күз өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу
ІҮ. Жаңа сабақ

Ұнатам күзді мен.Жеңіс Қашқынов

А)автор туралы түсінік Жеңіс Қашқынов –Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 1942 жылы туған. Оның балаларға арналған «Достар», «Соқпақтар» тб өлең жинақтары бар.

Жеңіс Қашқынов(1942-2005)- 4 наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Қуаныш» деген колхозда туған. 1964 жылы ҚазМУ-дің тіл және әдебиет факультетін бітірген.Алғашқы кезде республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде істеп, 1965— 1985 жылдары қазақ радиосында әдебиет редакциясын басқарады. Кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Мектеп» баспасында жұмыс атқарады.Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарық көрді.Он шақты жыр жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдован,грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын аударған.Бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары

Кешкі күн. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;

Тұлпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

Ленин ата. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;

Достар. Өлеңдер, ертегілер. А:, «Жазушы», 1971;

Қазыбек Нүржанов. Очерк. А., «Жазушы», 1972;

Соқпақтар. Өлеңдер, балладалар. А., «Жазушы», 1975;

Найзатас. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1977;

Дихан мерейі. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1988;

Қыраулы биіктік. Поэмалар, ертегілер, аңыздар. А., «Жалын», 1989;

Ақжолтай Ағыбай батыр. Очерк. А., «Балауса», 1996;

Алыптар мен арыстар. Өлеңдер мен дастандар. А., «Әуен», 2001;

Атыңнан айналайын, атамекен. Толғаулар, деректі әңгімелер, сапарнама, ой өрнектері. А., «Әуен», 2001.


Ү. Сабақты қорытындылау

«Ұнатам күзді мен» Мәтінмен жұмыс

1-деңгей

Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңнен күзде табиғат қалай өзгеретіні туралы айтылған жолдарды тауып оқы. Ақынның күз мезгіліне деген көңіл күйі айтылған жолды табу.

2-деңгей (төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрау)

Алма албырап, қаптаған бұлт, суық жел, тізілген тырна

3-деңгей

Күз мезгілін бейнелеу үшін қандай бояуларды көбірек қолданар едің?

Күзде қандай еңбек түрлері атқарылады?

4-деңгей

Өлеңді қарасөзге айналдырып, әңгімелеу ( Албырап алма пісті. Бал құрақ сарғайды. Аспанды бұлт қаптаған)
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Ұнатам күзді мен жаттау


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Асқар Тоқмағамбетов Бидай мен қаңбақ

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету.

Ой - өрісін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақ типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі:Электронды оқулық, А. Тоқмағамбетовтің, бидай мен қаңбақтың суреті, сөзжұмбақ, суреттер мен сұрақтар жазылған слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ұнатам күзді мен өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

- Балалар дүниедегі ең ақылды, ең күшті кім? ( Адам )

Мен сендерге де ең күшті, ең ақылды адам болуларыңызды тілей отырып,

бәріңнің де бүгінгі сабаққа жақсы атсалысады деп ойлаймын.

Үйге берілген Жеңіс Қашқыновтың « Ұнатам күзді мен» өлеңін оқыта отырып өз ойларын айтқызу. Қосымша сұрақтар қою арқылы сұрақтар беру. 1. Даланың түсі қандай? 2. Алма қалай піседі? 3. Аспанды не қаптады? 4. Жел қандай? 5. Тырнасы қайткен? 6. «Күз» өлеңімен «Ұнатам күзді мен» өлеңінің ұқсастығы, ерекшелігі неде? 7. Күздің басқы және соңғы кездерін қай өлең - нен байқайсың? 8. Өлең сендерге қандай көңіл күй туғызды?


ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы табу.

---е ң Б е к ---і л И я с-------Д у л а т о в

-----қ А ң б а қ ---Б а Й л ы қ

1. Адамдар әрқашан не істеу керек?

2. «Күн шыққанда» өлеңінің авторы кім?

3.«Байлық» мәтінінің авторы кім?

4. Ұшарын жел, қонарын сай білетін шөп?

5. Денсаулық зор... (байлық)
Бүгінгі өтетін өлеңіміздің шешуін жұмбақ шешу арқылы табайық.

1. Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар. ( Бидай )

2. Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. ( Қаңбақ )

3. А. Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мәтіні мысал өлең түрінде берілген. Бұл өлеңнің авторы өзіміздің жерлесіміз. Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Қазір Сырдария ауданы деп аталады.

Қаламызда бұл кісінің атында үлкен мәдениет үйі бар. Біздің облысымыздан көптеген ақын жазушылар шыққан. Олар З. Шүкіров, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Тәжібаев т. б. (суреттерін слайдтан көрсету ) Асқар Тоқмағамбетов атамыз көптеген әңгімелер, өлеңдер, сықақтар, мысал өлеңдер жазған, соның бірі бүгін, біз өткелі тұрған «Бидай мен қаңбақ»
ІҮ. Оқулықпен жұмыс

1. Мысалды мәнерлеп оқып беру.

2. Оқушыларға рөлге бөліп оқыту. Оқыған оқушылардың басына кейіпкерлердің бет бейнесін кигізу.

3. Сұрақтармен жұмыс. Төменде берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айтқызу: Бидайға ма, Қаңбаққа ма?

- Қаңбақ бидайға не деп тіл қатты? - Қаңбақ бидайдан қандай жауап

алды? - Дұрысын айтқан бидай ма, қаңбақ па? - Бидай бізге не үшін керек? - Қаңбақ не?


Ү. Топпен жұмысТапсырма: Топ басшыларына.

І – топ: Өлеңнің мазмұнын айту.

ІІ – топ: Өлеңдегі негізгі ой не?
ҮІ. Ой толғау

Бүгінгі сабақта білгендерін, бұрыннан білетіндерін жинақтау. Әр топқа парақтар таратылып беріледі. Маркердің көмегімен ассоциация құрады.

І – топ: Күз ІІ – топ: Бидай
ҮІІ. Дәптермен жұмыс

Жұмбақты жазып шешуін табу.


ҮІІІ. Сабақты қорытындылаууу

Оқушы білімін бағалау.


ІХ. Үйге тапсырма беру

Өлеңді мәнерлеп рөлге бөліп оқу


Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:22.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев

Сабақтың мақсаты: А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажырату, Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту. Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Дамыта оқыту

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Абай туралы толық деректер, үлестірме материалдар, ереже, нұсқаулар, сабақ тапсырмасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) Бидай мен қаңбақ мысалын жатқа айту

Ә) Ашық хат тапсырмалары: Мысалдағы өлең жолдар қайсысына сәйкес екенін табу:

Бидай ---------------------------------------------- Қаңбақ

Онда қандай салмақ болсын! ------------- Ұшарыңды жел біліп,

------------------------------------------------------- Қонарыңды сай біліп.

Уф десе, ұшасың, ------------------------------ Сайран салып жүргенің.

Суф десе, қонасың.

------------------------------------------------------- Көктемде шығып

Абырой да даңқ та, -------------------------- Күз болса, бұғып.

Ерлік те жеңіс те ------------------------------ Жинағанымыз дән

Барлығы осы егісте. ------------------------- Айналамыз толған ән.

Сөз жұмбақ шешейік!

Ғарыш Тарақ МақтаЫдыс ана ағашЛақ парта қайық

Ырыс піл тақтаМысық алма артықЙод нанБалаАт


ІІІ. Жаңа сабақ

«Ғылым таппай мақтанба»

- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?

1. Автор туралы дерек білу.

2. Өлең мазмұнын түсіну

3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.

5. Мағынаны тану:

1. Топтық тапсырма:

А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет

сызбада көрсету, қорғау, толықтыру

Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;

Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:

- Әр топ жобамен қорғайды.

2. Топтық жұмыс:

1 - топ: ------------- 2 - топ:

Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан

Талап ---------------- Өсек

Еңбек ----------------- өтірік

Терең ой --------------- мақтаншақ

Қанағат -------------- еріншек

Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ

3. Сөз сиқырын ұғайық!

Жақсы қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер мағынасы

4. «Мақал жалғастыр «ойыны:

Жақсыдан үйрен

(Жаманнан жирен)

Талап тұлпар

(Білім сұңқар)

Талант қартаймайды

(Білім ортаймайды)

Әріптен білім

(Әліппеден ғылым)

Ақыл азбайды,

(Білім тозбайды)

Өнерлі (өрге жүзеді)
ІҮ. Сабақты қорытындылау

а) Салыстыр;

Адам бойындағы қасиет – мінез-құлық, іс - әрекет

Жақсы қасиет -------------------- Жаман қасиет

Білімді -------------------------------- Білімсіз

Ақылды -------------------------------- еріншек

Талапты ----------------------------------- қайырымсыз

Еңбекқор ----------------------------------- жалқау

Қайырымды ----------------------------------- өсекші

Ә) Дыбыстық талдау жаса:

Жұппен жұмыс:

Ғылым Еңбек Өнер Талап


Ү. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:22.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика



Сабақтың  тақырыбы:     Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:   «Кестелік қосу мен азайту» тақырыбында оқып – үйренген  материалдар    бойынша басты  мәселелерді  оқушылардың игеру дәрежесін анықтау.

Алған  білімдерін іс-жүзілік тұрғыда пайдалана білуге машықтандыру.

Оқушыларды жауапкершілдікке, өз беттерісен жұмыс істеуге  баулу.      

Сабақтың  типі:білімді  тексеру

Әдіс – тәсілдері:сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау

 

Сабақтың барысы: 



І. Ұйымдастыру

Психологиялық кезең:


ІІ. Сабақтың тақырыбы мен  мақсаты хабарланады.

Алған  білімдерін іс-жүзілік тұрғыда пайдалана білуге машықтандыру.

Оқушыларды жауапкершілдікке, өз беттерісен жұмыс істеуге  баулу
ІІІ. Жұмыстың  мазмұнымен  таныстыру.

 1-нұсқа                                                                                                  2-нұсқа


Мысалдарды шығар, амалдардың орындалу ретін анықта:
56+5         54-3          55+30      83-2 70-20 52-1

27+1 90-20  71-7         80+10 47+2 95-2

82+4 63-2 38-20         60+40 32+8 97-90 45-3 88-8

        


                                              

2. Теңдеуді  шеш:
6+х = 10    10-х=4. Х-4=10      8+а=10. 10-а=8. а-8=2

 

Есепті  шығар:


Анамыз балаларға  10 балмұздақ және Сурет салатын альбом 60 теңге одан 4 шоколад кем сатып алды.Анамыз тұрады, ал қойын кітапша одан

неше шоколад сатып алды? 10 теңге арзан.Қойын кітапша қанша тұрады?


 

4.Ұзындығы 3см, ені 2см тік төртбұрыш сыз. 4.Қабырғасы 4 см шаршы сыз.

                                                

                                               

ІV.Тапсырмалар талданып түсіндіріледі. 

      Оқушылар жұмысты орындайды.

 

V. Жұмысты аяқтау, дәптерлерін жинап алу.



VІ. Сабақты қорытындылау

Ойын:    «Жұбыңды тап»   «Желдеткішті жап»

                                              

             13                              14                              15             

 


               4

                  +

            

          = 

    11

 

              

                  -

             8

          = 

    7

 

            7  

                  +

            

          = 

    16

VІI.Үйге тапсырма: қайталау


Бағалау:

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.

Сабақтың  типі:білімді  тексеру

Әдіс – тәсілдері:сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау

 

Сабақтың барысы: 



I.Ұйымдастыру сәті

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламыз.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамыз.
II.    Тірек білімді еске түсіру

  а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері) Саннан (28, 43, 54) кейін  келетін санды ата.

     -Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата. Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

     -Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

     -Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

     -Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40). Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?


III.Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау. 

-Бүгінгі біздің сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Біз «Шалқан» ертегісін білеміз бе?

Әрине, білеміз

Олай болса, ертегіні еске түсіріп алайық.

Ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа келіп қалыпты. Өздерімен бірге тапсырмалар алып келіпті.
Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы  суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

Ондықтарға ондықтарды қосады.

         Ондықтарды ондықтардан азайтады.

Атайдың тапсырмасы.

«Кім зерек?» №2 есеп

Мысалы:

     -53 және 30 сандарының қосындысы; Бірліктерге бірліктерді қосу;



     -Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;Ондықтарды ондықтарға қосу;

     -Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу ;Қосындының мәні 83.

53 + 30 83 – 30 35 + 40 75 – 40 46 + 50 96 – 50

Әжейдің тапсырмасы.

«Тез есепте!»

№3. Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

(20 + 5) + 60 (60 + 4) – 40

(70 + 9) – 40 (20 + 2) + 50


Қыздың тапсырмасы: «Теңдеуді шеш»

6 + а = 10 10 – a = 6 a – 6 = 4


4. Күшіктің тапсырмасы: «Есепте»

I топ II топ

Шарты:Шарты: Шарты:

Болғаны – ? Болғаны – 12қ

Бергені – 2 қ. Бергені – 2 қ

Қалғаны - 10 қ. Қалғаны - - 10 қ.   10+2=12(қ)                            12-2=10 (қ)                                

Жауабы: 12 қ болды.             Жауабы: 10қ қалды

Мысықтың тапсырмасы:Сағаттардың тілдері қалай орналасуы тиіс?


6. Тышқанның тапсырмасы: № 6 есеп

59 бен 63- тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз.

- Балалар, біз шалқанды алуға көмектестік. Шалқанды алуғакөмектесеміз деп шаршап қалыппыз. Демалып алайық.

 Сергіту сәті


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс





Каталог: uploads -> doc -> 0e01
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e01 -> Сөйлемдер Дұрыс жауабы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет