Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы



бет2/4
Дата13.11.2016
өлшемі1,12 Mb.
#1624
түріСабақ
1   2   3   4
Ү. Үйге тапсырма беру. №7
Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:27.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.

Мақсаты:Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту, ондай әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

Сөздік қорларын дамыту.

Білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Түрі: аралас


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сыйлығым»тақырыбында шығарма жазып келу.


ІІІ. Білімдерін тексеру:

И дыбысы қандай дыбыс.Сый, тый сөздерінің жазылуы


ІҮ. Мақсат қою кезең:.

Я әрпінің жазылуы.

Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту, ондай әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

Сөздік қорларын дамыту.

Білімділікке тәрбиелеу.
Ү. Жаңа сабақ:

Күн ретін жазу.

Көркем жазу.Сс Сс Сс Сыйлық.

Оқулықпен жұмыс.

60-жаттығу сөздерді топтап, сол топқа жатпайтын сөзді тауып неше дыбыс, неше әріптен тұратынын түсіндір. ( қоян- 5 дыбыс, 4 әріп)
61-жаттығу Я әрпінің жазылуы, оқылуы зертте, бақыла.

Өздік жұмыс:


62-жаттығу мақалдың мәнін түсіндір.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

63-жаттығу ребус шешу,сөйлем құрастыру. 64жаттығу көшіріп жазу, дәлелдеу.


ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Бүгін сабақта не істедік?

Не білдік?

Неге үйрендік?


ҮІІІ . Үйге тапсырма:

65– жаттығу.


Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:28.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Я әрпі бар сөздер

Сабақтың мақсаты:Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайтынын түсіндіру. Я әрпінің емлесін есте сақтап, қатесіз жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Түрі: аралас
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару


Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

64-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)24-бет

Балалар саяхатқа шықты. Олар жалғыз аяқ жолмен жүрді. Әсел ерте оянды. Ол киімдерін кеште даярлап қояды. Аян бояумен сурет салады.
ІІІ. Жаңа сабақ

Я әрпінің жазылуы Көркем жазу:Я я

Сөздегі и әрпінен соң жазылуы. 66-70 ж.

66-жаттығу (өлеңді көшіріп жазып, я әрпі бар сөздердің астын сызу)

Менің інім-Бақтияр,

Болса өзіңде ықтияр.

Қызыл қарбыз тұрғанда,
Жемес еді көк қияр.

*Ереже: СӨЗДЕГІ И ӘРПІНЕН СОҢ А ЖАЗЫЛМАЙДЫ, Я ЖАЗЫЛАДЫ: мия, тақия, Ғалия

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

67-жаттығу (мақалды оқып, жатқа жазу)

Адалдан зиян жоқ,

Арамда иман жоқ.

68-жаттығу (Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазып, себебін түсіндіру)

Пияз, Ұрқия, сия, Дария, қария, зиян.


IV Сабақты қорытындылау

69-жаттығу (Жасырынған сөздерді табу)

Шаян, тұяқ, мая, баяу, ұя

Шаян- 4 әріп, 5 дыбыс

Тұяқ-4 әріп, 5 дыбыс

Мая-3 әріп, 4 дыбыс


V Үйге тапсырма беру:

70-жаттығу (берілген тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құра )

Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.



Күні:29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру. Әдемі, қатесіз, көркем жазуға қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, карточкалар, ребус.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану,
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық.
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлемдестік жалпымыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

70-жаттығу.

Берілген тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құрау.

Әкем құстарға дән шашты. Әнуар құстарға ұя жасады. Әкем мен Әнуар құстарға қамқорлық жасады.

Өткен сабақтан алған білімін тексеру.


1. -«Я» дыбысы қандай дыбыс?
-«Я» дауысты дыбысы
2. - И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
- И әрпінен кейін я әрпі жазылады.

ІІІ. Жаңа сабақ.


- Жаңа сабақты түсінуіміз үшін, жұмбақтың шешуін табуымыз керек
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)
- Қандай сөз шықты?
- Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді?
Оюдың суреті.
- Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?
1. «Ю» дыбысын бір неше рет қайталап дыбыстау.
2. Оқушыларға «Ю» дыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы және и+у дыбыстарының қосылуынан жасалатындығына түсінік беру.
Айу - аю, ойу - ою

3. Оқулықпен жұмыс


71 - жаттығу. Суретке қарап әңгімелеу.
- Қане балалар, «аю, ою» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Аю, ою. Бұл сөздерде 2 әріп, 3 дыбыс бар)
4. Дәптермен жұмыс.
72 - жаттығу. Өтірік өлеңді көшіріп жазып, «ю» әріпінің қандай дыбыстардан құралғанын айту.
73 - жаттығу. Топтық тапсырма. Суретпен жұмыс.
- Аю, балды өте жақсы көреді. Бірде аю орман аралап келе жатып араның ұясын көреді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды.
Тәтті балға тоюды,
Ойлап аю,
Омартаны ториды.
- «Ю» әрпінің астын сызып, оның дыбыстардың орнына жұмсалғанын түсіндір.
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың, Құлпынай көп екен.
Теріп, теріп аламыз, Қалтамызға саламыз.
«ЙУ»,»Ю» дыбысы бар сөздерін оқуда оқушылар көп шатасады. Сондықтан 74 - жаттығуда сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Сөздерге у дыбысы қосылғанда олар қалай жазылатындығы туралы айтылады.
Балалар, мына сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады.
күшей - у
молай - у
той - у
көркей - у
тыңай - у
75 - жаттығу. Сөздерді көп нүктенің орнына «йу», «ю» әріптерінің тиістісін көшіріп жазып, неліктен сол әріпті қойғандығынды дәлелде.
Үлке…, шалқа…, есе…, сарға...

ІҮ. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.


Ү. Үйге тапсырма беру

76 - жаттығу. «Баларасы» ребус шешуіндегі сөзге әңгіме жазу.

Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпі бар сөздер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ю дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

2. Дамытушылық: Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру , ойлау қабілетін арттыру

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, ойын


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру , ойлау қабілетін арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құрау.

Әкем құстарға дән шашты. Әнуар құстарға ұя жасады. Әкем мен Әнуар құстарға қамқорлық жасады.

76 - жаттығу. «Баларасы» ребус шешуіндегі сөзге әңгіме жазу.


III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе бөлім 71-жаттығу.

а) Тақтаға аю мен оюдың суреті ілінеді. Оқушылар аю, ою сөздерін дәптерлеріне жазады.

Аю мен ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Аю - екі буын, екі әріп, екі дыбыс.

А - жуан дауысты дыбыс.

Ю - дауысты дыбыс.

ә) «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бірнеше кеспе әріптер батырмамен (кнопкамен) бекітіледі. Оқушылар дауыссыз дыбыстарды бір бөлек, жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды.

- Қай әріп артық қалды?

- Ю әрпі.

- Неліктен?

- Ю - дауысты дыбыс. Бірақ ол екі дыбыстан (йу) тұрады.

2. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.


ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Жұмбақтар шешу.

Апанда алты ай ұйықтайтын, Білесің бе батырды?

Ұзын құлақ, қысық көз

Орғып-орғып сай кезген.

Аю, қоян сөздерін тақтаға бір оқушыға жазғызу. Дұрыс-бұрыстығын тексеру.

- Аю сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

- Аю сөзінде «иу» дыбыс естілгенмен, ю әрпін жазамыз.

- Тағы ю әрпі жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?

- Қоян сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

2. Оқулықпен жұмыс.

Осы сабақтағы жаттығулар я, ю әріптерінің жазылуына арналады.

3. Үлестірмелі қима қағаздары таратылып беріледі.
Ү. Сабақты қорытындылау.

4. Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға бақшада жұмыс істеп жүріп, аяғын жарақаттап алған баланың суреті ілінеді.

— Сурет бойынша не айтуға болады?

— Балаға не болды?

- Бақшадағы құрттарды не деп айтуға болады? (Зиянкес).

- Аяқ, зиянкес сөздерін кім тақтаға жазып көрсетеді?
ҮІ. Үйге тапсырма беріледі.
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат

сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Бейнелеу өнеріндегі пейзаж, портрет, натюрморт атауларымен таныстық. Міне, осыларға ортақ атау ол - жанр. Шығарманың жанрын анықтау үшін «Суретші өз шығармасында нені бейнеледі?» деген сүраққа жауап беру керек. Егер картинада табиғат бейнеленсе, бейнелеу өнерінің бұл жанры ПЕЙЗАЖ деп аталады. Пейзаж бейнелеу өнерінің әр түрінде кездеседі.


Ол графика, кескіндеме, мүсін түрінде де бола алады. Оны бояумен, қарындашпен, аппликация, тәсілімен, тіпті жапсырып салуға болады.

Табиғат құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.

Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.

Жас ұрпақтарға:

Планетамыздың иесі – сендер.

- Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, - деп, насихаттаймын.

Ал, енді плэнэр дегеніміз не екендігіне тоқталайық. «Плэнэр» деген сөз француз тілінен алынған. Қазақша «ашық ауа» мағынасында. Толығырақ айтқанда, табиғатқа шығып құбылыстарды түсті бояу мүмкіндіктері арқылы тікелей жазу, бейнелеу дегенді білдіреді.

Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.

Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген.

19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші.

Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады.

Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.

Үйге тапсырма беру: Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет салу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:28.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Композиция. Бейненің пішінмен байланысы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру, бірнеше

заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.


ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, суретшілер шығармаларының репродукциясы, дидактикалық көрнекілік құралдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.



Үйге тапсырма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет